Сүбелі кездесудің маңызы зор

Выпуск - №9(657)   :   07.03.2025
775

1

Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте белгілі жазушы-журналист Мағира Қожахметовамен кездесу өтті. Жиында мәриямтанушы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты естеліктерімен бөлісті.

Игі мақсатты көздеген бұл іс-шараға зиялы қауым өкілдері, музей қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты. Осындай басқосулардың қоғам үшін маңызы зор. Өйткені, жас ұрпақтың бойына әдеби құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрді сіңіру – басты міндеттердің бірі. Қостанай жеріне арнайы келген Мағира Дәулетбайқызының айтуынша, ақын мұрасын ұлықтау және оны үнемі еске алып отыру – қостанайлықтар үшін айрықша мәнге ие.
– Бүгін Қостанайдағы ақын апамыздың есімі берілген мектептен қаншама құнды мұраларды көрдім. Өзіммен бірге де біраз құнды ақпарат пен құжат алып келдім. Мәриям апамыздың қолы тиген суреттер мен жазбалар бағалы екені сөзсіз. Осы өткен іс-шараның бір ғажабы – жас ұрпақ үшін маңыздылығы шексіз. Мәриям апа Қостанай десе ерекше құлпырып, жайнап кететін. Туған жерін айрықша жақсы көрді, – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мағира Қожахметова.

3


Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде Мәриям Хәкімжановаға тиесілі үш мыңнан астам құжат пен жәдігер сақталған. Бұл ақын мұрасының аса бай әрі ауқымды екенін көрсетеді. Себебі, Мәриям Хәкімжанова – ақын ғана емес, әдеби-мәдени мұраларды зерттеуші де болған.

4


– Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметованың Қостанай өңіріне келуі біз үшін өте маңызды. Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі ретінде Мағира апаймен әрқашан байланыстамыз. Алматыға барып, апайдың үйінде болып, арнайы сақтаған жеке мұрағатын қарап, музей қорын толықтыру бағытында үлкен жұмыстар атқарып келеміз, – дейді Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі директорының орынбасары Салтанат Өтелбаева.
Қостанай өңірі үшін Мәриям Хәкімжанова – ардақты тұлға. Осыны ескерген мектеп басшылығы келер жылы ақынның 120 жылдық мерейтойына орай мектеп ішінде мұражай ашуды жоспарлап отыр. Ал, бұл күндері ақынның еңбектері мен оған тиесілі жәдігерлерді жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

2


– Келер жылы Мәриям апамыздың 120 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Биыл бастамасы ретінде Мағира Дәулетбайқызымен байланысып, мектебімізге шақырып, оқушылармен жүздестіру көптен бері ойда жүрген еді. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, соның реті бүгін келді. Оқушылар ерекше әсер алды. Ойларын ашық білдіріп, сұрақтарын қойды, – дейді Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 мектептің директоры Жанаргүл Ещанова.
Ақын мұрасын насихаттауға бағытталған осындай іс-шаралар өскелең ұрпақ үшін аса маңызды. Себебі, Мәриям Хәкімжанова сынды тұлғалардың еңбегі ұмытылмай, келешек ұрпаққа жол көрсетуі керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ,
суреттерді ұсынған Қостанай облыстық
Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.