Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Асқақ арманмен – жарқын болашаққа» атты Соңғы қоңырау мерекесіне арналған іс-шара онлайн форматта өтті.

Биыл Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 613 оқушы бітірді. Оның ішінде 120 мектеп түлегінің 3-еуі үздік үлгідегі аттестатқа және 3-еуі Алтын белгіге үміткер. Бүгінде түлектердің 59-ы оқушысы шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарына шақырту алса, 10 оқушы Назарбаев Унивеситетіне түсті, ал қалғандары отандық оқу орындарын таңдады. Елімізде орын алған жағдайға байланысты онлайн түрде өткен салтанатты жиында ата-аналар, мектеп ұстаздарымен қатар мектеп директоры түлектерге ізгі тілегін білдірді.
Онлайн жиынның сәнін келтірген түлектердің бейнежолдаулары соңғы қоңырау шарасына өзгеше бір реңк берді. Түлектеріміз ұстаздарға деген шексіз ризашылығын сөз кезегі келгенде білдіріп жатты. Үстіміздегі оқу жылы мектеп үшін ерекше болды. Жыл бойында бірнеше маңызды шаралар атқарылып, жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтар болсақ, қыркүйек айында мектебіміз аккредитациядан сәтті өтті, мектебіміздің оқушылары Зияткерлік мектептер желісінде республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, «Ең үздік команда-2019» атағына ие болды.
Одан бөлек жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысында 3 алтын, 1 күміс медальдар мен жүлделі орындарды қанжығалағаны тағы бар. Сондай-ақ оқушыларымыз Балтық ғылыми-инженерлік сайысында 1-орынға ие болды. Ал 11-сынып оқушысы Виктор Ковальчук өз жұмысын рәсімдеп, авторлық құқықпен қорғалатын куәлігін алды. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анастасия Бармина республикалық «Педагогикалық идеялар фестиваліне» қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Жыл бойында жеткен жетістіктер мен бағындырған белестер мектептегі ұстаздардың атқарып жатқан жүйелі әрі сапалы жұмыстарының арқасы.
Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
ФМБ НЗМ баспасөз хатшысы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.