«Сырлы жеңге, сұлу қыз»

Выпуск - №9(606)   :   08.03.2024
874

Осындай тақырыпта Қостанай ауданына қарасты Озерный негізгі орта мектебінде қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық пен әдептілікке тәрбиелейтін, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге үндейтін сайыс өтті.

Қыз баланы оң босағаға отырғызып қадірлеген қазақ халқы, үйіне келіп түскен келінді табалдырықтан оң аяғымен аттандырған. «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» деп, келінді өз отбасына ыңғайлап тәрбиелей отырып, бүгінгі қыз – ертең бір отбасына келін боларын білген дана халық қыз баласының жеңгесімен жараса жүруін қалаған. Есімдерін тура айтпай әдемі ат қойып, жеңгелері де қайынсіңлілеріне өздерінің бар білгендерін үйрете білген. Сондай жеңге мен қайынсіңілі арасындағы нәзік те берік байланыстың бүгінгі күнгі көрінісі – осы сайыстың басты мақсаты.
Асылтас жеңгесімен 7-сынып оқушысы Назым Салыкова – «Еркемай», Салтанат жеңгесімен 6-сынып оқушысы Айзада Сүндетбай – «Айнамкөз», Гаухар жеңгесімен 8-сынып оқушысы Еркежан Бекболат – «Сырғалым» жұбы болып қатысты. Мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі Самал Сайдильдинаның жетекшілігімен өткен бұл сайыс бес бөлімнен тұрды. Әділ баға беріп, төрелігін айтар әділ қазылар алқасы да сайланды. Бірінші «Сәлем – сөздің анасы» кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып өтті.
Артынша ару жеңгелер сайыстың келесі кезеңдерінде қайынсіңлілеріне ас мәзірін жасауды үйретіп, оны көрерменге ұсына білді. Өнерлерін ортаға салып, ән де шырқады, салт-дәстүрден көрініс те көрсетті. Сұрақ-жауап сайысынан да мүдірмей өтті. Биылғы оқу жылында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жастардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде ұлттық сананы қалыптастыру мақсатындағы сайыс өз деңгейінде ұйымдастырылды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайыс болған жеңіс те, жеңіліс те бар. Осы сайыста сынға түскен аруларымыз бен жеңгелеріміздің бәрі де ақылына көркі сай, білімді де өнерлі екенін байқатты. Дегенмен қарсыластарынан оза шауып, Асылтас жеңгесі мен Назым Салыкованың «Еркемай» жұбы І орынды қанжығасына байлады.
Бүгінгі жастарды тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – ұлттық саясатының басым бағыттарының бірі екені сөзсіз. Тәрбие мен оқыту – бір бірінен бөліп қарауға келмейтін процесс. Мектептегі тәрбие сынып сағаттары мен сыныптан тыс қосымша білім беру жұмыстары арқылы жүзеге асатыны анық. Ендеше, ұлттығымызды дәріптейтін осындай құнды дүниелер көп болғай.
 

Жумабике НУРСЕИТОВА,
Озерный негізгі орта
мектебінің директоры,
Қостанай ауданы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.