Тағылымға толы экскурсия

Выпуск - №36 (483)   :   20.09.2021
253

Қостанай қаласындағы А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы Қостанай облысының Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайына 30 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» экскурсиясын ұйымдастырды.

Атылмыш экскурсияға Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің 5 «А» сынып оқушылары қатысты. Мұражай қызметкерлері оқушыларға ұстаздың өмірбаяны мен атқарған қызметтері жайлы ақпарат беріп, мұражайдағы өте құнды жәдігерлер жинақталған бай мұрамен таныстырды. Қазіргі уақытта мұражай «Музей тарихы», «Ы.Алтынсарин – ұлы ұстаз», «Ы.Алтынсарин – Қазақстанда халық ағарту ісінің негізін қалаушы», «Ы.Алтынсариннің мемориалдық сыныбы» және «Ы.Алтынсарин және оның айналасындағы адамдар» іспетті 5 экспозициялық залдардан тұратынын көрсетіп өтті. Одан бөлек мұражайдың қоры көрнекті ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері, ғалымдар, ағартушы-ұстаздар туралы қызықты материалдар және заттармен толықтырылғаны жайында айтып берді.

Балалар асыл ордаға аяқ басып кіргеннен бастап, қаншама дүниелермен таныс болды. Олардың қатарында сирек кездесетін кітаптар, архив материалдарының көшірмелері, фотосуреттер, құжаттар мен жазушының өзі және отбасы тұтынған заттары да бар. Сондай-ақ ағартушы тұлғасын бейнелейтін өнер туындылары, суреттер мен мүсіндер ерекше орын алған. Мұражай қызметкері әңгімелеу барысында қордағы әр жәдігердің өзіндік бай тарихы бар екенін айтып, қысқаша тоқталып та өтті. Оқушылар мұражайдағы әр жәдігерге мұқият назар аударып, сөз арасында пікірлерімен бөлісіп, ұмытылмастай әсер алып тарқасты. Экскурсия соңында мұражай қызметкерлеріне уақыт бөліп, ақпарат бергендері үшін алғысымызды білдірдік.


Р.Амирханова,
А.Утебаева,
А.С. Пушкин атындағы қалалық
балалар кітапханасының
қызметкерлері,
Қостанай қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.