Әулиекөл ауданындағы №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінде «Жас сақшы» әскери-патриоттық жобасы аясында 7–11-сыныптар арасында «Туға түзел!» тақырыбында патриоттық тағылымы мол кеш өтті.
Кеш қонағы – Құсмұрын станциясы жол полициясы бөлімі бастығы, полиция майоры Елукенов Ерлан мырза қазылар сапында оқушылардың Қазақстан Республикасының көк туын енгізу, саптық алып жүру, кезекті алмасу мен шығару сәтіне дейін әділ бағалады. Тынымсыз еңбек пен бұлжымас әскери тәртіптің үлгісін паш еткен болашақ Отан қорғаушыларымыз берілген тапсырмаларды жүйелі, нақты орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Оқушылардың мемлекеттік рәмізге деген шексіз құрметі мен Отан алдындағы жауапкершілікті, отаншылдық парызды түсінуіне маңыз берілді.
Оқушылардың саптық даярлығында әскери киім мен темірдей тәртіпті игеруге үлес қосқан ұйымдастырушылар алқасы кештің тағылымды өтілуіне жауапкершілікпен жұмыс істеді. Кеш соңында болашақ Отан қорғаушыларымыз бен жас сақшыларымыздың бағдарламалық сайыс нәтижесінде барлық бағдарламаларды аса жоғары деңгейде өткізген 11 «А» сынып оқушылары Бас жүлдеге ие болса, жүлделі 1-орын 9 «А» сынып оқушыларына, 2-орын 10 «Ә» сыныбының қырандарына, ал 3-орын 8 «А» сыныбының даярлықпен келген тобына бұйырды.
Жүлделі орындармен қатар төрт номинация бойынша төрт оқушы марапатталды. «Үздік командир» – 9 «А» сынып оқушысы Ураз Аңсаған, «Үздік киім үлгісі» – 7 «А» сынып оқушылары, «Креативті тұлға» – 11 «А» сынып оқушысы Мұхаммед Абдығалым, «Үздік ту ұстаушы» аталымына 10 «А» сынып оқушысы Дильназ Сапарбекова ие болды. Қатысқан сынып топтарына белсенді атсалысқаны үшін Алғыс хаттар ұсынылды.
Мұхамедияр БЕЙСЕНБИН,
№1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінің
АӘжТД пәнінің мұғалімі,
Мариям НУРКАНОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.