Тәлім-тәрбиенің алтын бесігі

Выпуск - №36 (584)   :   29.09.2023
1127

Қазақ халқы қашанда отбасын қасиетті құрылым ретінде қабылдап, зор маңыз беріп, мәнін қорғаған. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп, отбасындағы ұрпақ тәрбиесінің маңызын айқындаған. Берекелі отбасы – мықты мемлекеттің іргетасы.

Отбасы – әр адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті шаңырағы. Отбасы құндылығы – қай заманда да, қай елде де мемлекет саясатының темірқазығы, ардақ тұтар қазынасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасының беріктігі – мемлекет іргетасының мығым әрі кемелдігінің кепілі. Отбасы беріктігін алдыңғы орынға қойып, жанұяның құндылығын насихаттайтын «Мерейлі отбасы» байқауы 2013 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы да ұлттық байқауға қаламыз бойынша 8 отбасы қатысуға өтініш берген. Қатысушы отбасылар, ең алдымен, қалалық іріктеу кезеңінен өтіп, облысқа жолдама алады.

Қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні тойланады. Осы мерекеге орай «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары Манетовтар отбасымен кездесу ұйымдастырылды. «Отан – ортақ үйіміз» деп қарайтын болсақ, оның шаңырағын шайқалтпай, уығын тіктеп, керегесін кеңейтіп, береке-бірлігін ұйыта ұстау – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Кездесу барасында кеш қонақтарына бала тәрбиесіне және отбасылық жетістіктеріне байланысты түрлі сұрақтар қойылды. Маненовтар отбасы жанұяларында болған қызықты да ерекше оқиғаларымен, керемет естеліктерімен бөлісті.

Тағылымды әңгімеге толы кездесу кешінде Алпамыс Мирас есімді оқушымыз ортаға шығып, өнер көрсетті. Іс-шара өте қызықты әрі тағылымға толы болды. Кеш соңында қонақтарымызға орталығымыздың атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақтай түсері анық.


Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Отбасылық «Жанұя»
клубының жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.