Жуырда «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ ұйымдастыруымен «Тәлімгер + жас педагог = команда» атты сайыс өтті. Сайыс жас мамандар мен тәлімгерлердің бірігіп, тәжірибе бөлісе отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етуді көздеген еді.

Рудный қаласындағы №13 орта мектептің мұғалімдері де аталмыш сайыстан тыс қалған жоқ. Абденова Балжан Кожабаевна, Оспанова Сабина Макуовна, Рақымжанов Исламбек Ғалымжанұлы, Утешова Нұрсулу Аскаровна өздерінің тәжірибесімен Жанабаева Айнур Қуанышбекқызы, Кононова Екатерина Сергеевна, Сыбан Аян Арманұлы, Закария Гулхан Батыржановнамен бөлісіп, сайысқа түскен болатын.
Жалпы сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде мұғалімдер бірлесе отырып, жұмыстарымен бөліссе, екінші кезеңнің талабы бойынша жас маман өзінің алған білімін тәжірибе барысында көрсетуі керек болды. Қостанай облысының мұғалімдері арасында сайысқа 63 жұп тәлімгер мен жас маман түскенін айта кеткен жөн. Өз жұмыстарының бірізділігі мен жоғары сапалылығының арқасында екінші кезеңге Рақымжанов Исламбек Ғалымжанұлы мен Сыбан Аян Арманұлы (суретте) өтті. Жаңашылдылықты, заманауи көзқарасты, ұшқыр ойды талап ететін бұл сайыс қызықты әрі тартысты болды.
«Бірлік пен еңбек – бәрін жеңбек» демекші, аталған сайыстан сүрінбей өтіп, сайыс нәтижесінде Исламбек Ғалымжанұлы мен Аян Арманұлы жүлделі 3-орынға ие болды. Әріптестерімізді осы жеңіспен құттықтай отырып, тәжірибелі мұғалімдерге жаңа оқу жылында жас мамандарды біліммен сусындату жолында талмас қанат, қажымас қайрат тілейміз. Жас мамандарға педагогикалық қызмет жолында үйренуден жалықпай, қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолды абыроймен атқаруын тілеймін.
Сабина ОСПАНОВА,
№13 ЖББМ ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.