Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда «Оқушылардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытудағы сынып жетекшінің қызметі» тақырыбында сынып жетекшілерге арналған қалалық семинар өтті.

Сынып жетекші – тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан. Ал тәрбие беру процессі өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес.
Тәрбие үдерісінде жаңа форматты оқыту әдістерін тиімді, шебер қолдана білетін жаңашыл, шығармашыл сынып жетекшілерін қалыптастыру жолдарын көрсету мақсатында өткен жиынның салтанатты ашылуында гимназия директоры Актоты Кисикова алғы сөз айтып, семинардың жақсы өтуіне тілектестігін білдірді. Семинардың бастапқы бөлігінде директор Актоты Жанараловна «Гимназияның педагогикалық ұжымының инновациялық оқыту және тәрбие жобаларын жүзеге асыру жүйесі» тақырыбында, ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагуль Тасмаганбетова «Сынып жетекші – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында баяндама жасады.

Одан әрі семинар жұмысы 3 секция бойынша атқарылды. Олар: ашық тәрбие сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар және «Үндестік» жобасы аясында ата-аналармен жұмыс. Әр сынып жетекші белгілі құндылықты (адамгершілік, отансүйгіштік, денсаулық, табандылық, құрмет, сүйіспеншілік, жауапкершілік және басқалары) басшылыққа ала отырып, әр түрлі форматта оқушылармен және ата-аналармен жұмыс істеді. Семинар жұмыстарының құндылықтарға негізделуінің басты мақсаты – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, саламатты ұрпақ тәрбиелеуге негізделді.
Ұйымдастырылған әрбір шарада берілетін тәрбиенің мазмұны мен ойындар үлгісі өзгеше болды. Мәселен, шығармашылық шеберхана, тимбилдинг, тренинг, интеллектуалды-танымдық ойын, сайыс, халықтар достығының фестивалі және т.б. Семинардың соңғы кезеңінде 7 «Б» сыныбының жетекшісі Гулайым Алимгереева «Жеке тұлға қалыптастыруда шығармашылық жұмыстар арқылы сыныпта инновациялық орта құру» тақырыбында іс-тәжірибесін таратса, білім бөлімінің әдіскері Гүлнұр Сүйіндікова қорытынды сөз айтып, семинарға қатысқан сынып жетекшілер мен әкімшілік тарапынан ұйымдастырушыларды сертификатпен марапаттады. Гимназияның сынып жетекшілері семинар барысында өздерінің шығармашылықтарын, жоғары деңгейдегі жауапкершілік пен құзыреттілігін көрсете білді.
Салтанат АХМЕТОВА,
Алмагуль ТАСМАГАНБЕТОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлары,
Арқалық қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.