Тарих пен тағылым тоғысқан күн

Выпуск - №45(693)   :   05.12.2025
849

Рудный қаласындағы М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған педагогтердің облыстық ғылыми іс-тәжірибелік конференциясы өтті.

1

Оған облыс көлемінен барлығы 99 жұмыс қабылданып, оның ішінде 41 материал әділ қазылар алқасының оң бағасын алып, секциялық отырыстарда көпшілік назарына ұсынылды. Педагогтер М.Дулатұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын, ағартушылық қызметін, сонымен қоса Алаш қозғалысындағы елеулі рөлін тереңінен ашатын тың баяндамалар жасады. Тұлғаның ұлттық сананы оятудағы өлшеусіз еңбегі мен «Оян, қазақ!» идеясының тарихи мән-маңызы жан-жақты талқыланып, жаңа қырынан бағамдалды.

2

Конференцияның пленарлық отырысына арнайы шақырылған қонақтар қатарында Қостанай облыстық мәдениет басқармасының «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ басшысы Гүлбану Сәрсекей, Рудный қалалық Құрмет тақтасының иегері, Рудный ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақын, қара сөз шебері Жаңбыршы Тілеуғабылов, Қазақстан Жазушылар Одағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің төрағасы, жазушы, алаштанушы Елдос Тоқтарбай, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің оқытушысы Райхана Абдрахманова болды.

3

Іс-шара барысында 2022 жылы мектебімізге Алаш зиялысының есімі берілгеннен бастап, оқу орнында тұлғаның есімін ұлықтау бағытында өткізілген қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі рухани-мәдени іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Сондай жобалардың бірі – мектеп директоры Абзал Ағатайдың бастамасымен 2023 жылы Міржақып Дулатұлының туған өлкесі – Торғай өңіріне оқушылар мен педагогтерге танымдық экспедицияның ұйымдастырылуы. Биылғы мерейтойға орай мектепте Міржақып Дулатұлының мұражайы ашылғаны да атап өтілді.

4

Конференцияға қатысушылар ұлт мұрасы – ардақты тұлғаларды дәріптеудің, олардың арман-мұратын бүгінгі ұрпақпен сабақтастырудың маңызына ерекше тоқталды. Мұндай тағылымы мол іс-шаралар ел азаматтарының тарихи санасын кеңейтіп, өз елін, мәдениеті мен рухани мұрасын қадірлейтін ұрпақ қалыптастыруға елеулі үлес қосады. Өнегелі жиын соңында үздік деп танылған жұмыстардың авторлары Қостанай облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Нұрымжан МИЛАҚАТОВ,
М.Дулатұлы атындағы
жалпы білім беретін
мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, география
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.