Ұрпақтың санасында мәңгі қалған есімдердің бірі – Кейкі батыр. Елі үшін құрбан болған батырды дәріптеу мақсатында Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы №4 ЖББ мектебінде «Кейкі батыр: тағдыры, тарихы, тағылымы» атты семинар өткізілді.

«Тарихын білмеген елдің – болашағы бұлыңғыр» демекші, өз елінің тарихын білу – болашақ ұрпақтың парызы. Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өткізілген семинарға Кейкі батыр туралы кітаптардың авторы, кейкітанушы Шөптібай Байділдаұлы, өлкетанушы, Торғай мұражай кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекеева, сонымен қатар ақын, Арқалық педагогикалық институтындағы филилогия факультетінің деканы Айбек Қалиев шақырылды.
Тарих пәнінің мұғалімдері С.Бекентаев пен Ж.Амандыкова 8-сыныптарға «Қазақтандағы ұлт-азаттық күрестері» тақырыбы бойынша сабақтар және 9-сыныпта орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Төлегенова және 2-сыныпта бастауыш пәнінің мұғалімі Ж.Ибраева сыныптан тыс іс-шараларын жоғары деңгейде өткізді. Семинар «Елі үшін туған ер Кейкі» тақырыбындағы концерттік бағдарламамен аяқталды. Концертте Кейкі батырға арналған сахналық қойылым қойылды. Патриоттық сезімдегі әндер шырқалып, келген қонақтар жақсы әсерде болды.
Семинардан соң Кейкі батыр кесенесіне барып, батырдың рухына құран бағышталды. Кейкітанушы Шөптібай Байділдаұлы келген қонақтарға кесененің салыну тарихы мен батырдың өмір жолындағы беймәлім тұстар жайлы айтып, тағылымды әңгіме өрбітті. Семинарға келген қонақтар тарихи деректерге қанық болып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп кетті.
Сұнғат БЕКЕНТАЕВ,
Кейкі батыр атындағы
№4 ЖББ мектебі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.