Мектептегі оқытылатын барлық пән маңызды. Әр пәннің өзінің білім беру миссиясы бар. Ал өз елінің және басқа да халықтардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрметтеу жолында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің мән-маңызы ерекше.
.jpeg)
Қазіргі таңда ел тарихын әлем қабылдайтын аспектіде зерделеу және оның нәтижелерін барлық деңгейдегі білім беру кеңістігіне енгізудің маңызы артып келеді. Әрине, қоғамда тарих пәнінің оқулықтары, бағдарламасы бойынша біраз мәселелер көтерілуде. Тарих пәніне байланысты мәселелерді жүйелі түрде талқылау, ортақ шешім қабылдау мақсатында Петропавл қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Тарих мұғалімдерінің съезі» ұйымдастырылды. Республикалық съезге облысымыздың 11 педагогі қатысқан еді.
Съездің шешіміне сәйкес «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» бойынша бір ортақ базалық оқулықтың қажеттілігі нақты белгіленді. Осы орайда аталған пәндерден бірыңғай базалық оқулық әзірлеу жөнінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі. Ал 5-сыныпта ежелгі тарихты оқытқанда балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалып жатқан дүниенің көп тұстарын түсіне бермейтіні туралы мәселе жиі көтерілуіне байланысты, осы 5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәнін енгізу бойынша ұсыныс қабылданды. «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылып, мазмұнын жаңартылу қажеттілігі, оқу бағдарламасы мазмұнына мұражайлар, тарихи орындарға саяхат жасауға бағытталған практикалық жұмыстарды енгізу туралы мәселе де көтерілді.
«Үздік педагог» атағы иегерлерінің және «педагог-шебер» біліктілігі мұғалімдерінің үздік педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату (жаңа тәсілдер, білім беру технологиялары және т.б.), интерактивті, виртуалды сабақтар, шебер-сыныптарды өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық білім беру порталын құру, тарих мұғалімдерінің өзара ынтымақтастығын нығайту және тарих мұғалімдері қауымдастығының заңды мәртебесін ресімдеу бағытында атқарылатын жұмыстар айқындалды. Республикалық тарих мұғалімдерінің съезі біздің Қостанай облысында жалғасын тапты. Қостанай ауданына қарасты Тобыл қаласындағы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының қабырғасында «Мектептегі тарихи білімнің дамуы» тақырыбында облыстық тарих мұғалімдерінің съезі өтті. Оған облысымыздың әр аудандарынан 100-ден астам тарих мұғалімдері жиналып, облыстық ЖОО өкілдері қатысты.
.jpeg)
Облыстық съезд республикалық съездің шешімдерін, мектептегі тарихи білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және білім алушылардың тарихи білімін дамыту жолдарын айқындауды көздеді. Съездің пленарлық бөлімінде Қостанай облысындағы тарих пәнін оқытудың стратегиялық мақсаттары мен ағымдағы міндеттері, тарих пәні мұғалімдерін дайындау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ облыстың білімді ұстаздары қазіргі заманғы мектептік тарихи білім беру, жас ұрпақты қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі, тарих мұғалімінің кәсіби қызметіндегі Web-сервистердің білім беру мүмкіндіктері, «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқушылардың білім сапасын, функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары тақырыптарында тәжірибесімен бөлісті.
Оқушылардың тарихты зерделеу арқылы туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырудың бірден-бір жолы – мұражай сабақтарын мұражайларда, тарихи орындарда, тарихи ескерткіштерде, киелі жерлерде өткізу. Осы мақсатта 2019 жылдың мамыр айында Қостанай облысы білім басқармасының әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып, мектебіміздің 10-сыныптың 15 оқушысы мен тарих пәнінің мұғалімдері «Өз еліңді таны» жобасымен тарихи-өлкетану экскурсиясы аясында «Арқалық қаласы – Екідің ауылы – Жәуке батыр кесенесі – Қос там – Қыз там – Әбдіғапар ханның кесенесі – Әбдіғапар ханның жерленген орны – Кейкі батыр кесенесі» бағыты бойынша өңірдің тарихи ескерткіштерімен танысқан болатын.
.jpeg)
Съезде облыстық әдістемелік кабинетке мұражай сабақтарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу және «Өз еліңді таны» жобасын қайта жандандыруға тапсырма берілді. Осылайша алқалы жиында пікір алмасу облысымыздағы тарихи білім беруді жаңғыртуды бастауға және бірлескен қызметтің нәтижелерін алқалы түрде бағалауға, сондай-ақ тарихи білім беруді одан әрі жетілдіру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.
Ырсалды КЕЛІНБЕРДИЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-
интернатының директоры,
тарих пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».