Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Денсаулық күні қарсаңында мектебімдің 4-сынып оқушылары арасында жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды саламатты өмір салтына баулу мақсатында тартысты сайыс ұйымдастырылды.
 (2).jpg)
Сайыс бірнеше қызықты кезеңдерден тұрды. Атап өтер болсақ: кедергілер арасымен допты соғып келу, ракеткамен шағын допты қағып алып келу, секіртпемен секірту, допты жоғарыдан беру сияқты сайыстардан құралды. Жалпы сайысқа бес сыныптан құралған бес команда қатысты. Олар: 4 «А» сыныбының «Қыран» командасы, 4 «Ә» сыныбының «Сұңқар» командасы, 4«Б» сыныбының «Жалын» командасы, 4 «В» сыныбының «Тұлпар» және 4 «Г» сыныбының «Болашақ» тобы.
.jpg)
 (1).jpg)
Жарысқа оқушылар белсене қатысып, жеңіске жету жолында барын салды. Алайда жеңіс бар жерде жеңіліс те бар. Тартысты да қызықты ойында топтар мынандай орындарға ие болды: мықтылар арасынан үздік шығып, 3-орынға «Сұңқар» тобы, 2-орынға «Қыран» командасы ие болды. Ал бәрінен оқ бойы озық шығып, 1-орынды «Жалын» командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыс оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұйымшылдыққа баулып, таза ауада дем алып, денсаулықтарын жақсартуға ықпал етеді.
Али АЛТЫНБЕКОВ,
Бейімбет Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясының
дене шынықтыру мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.