Тәуелсіздігіміздің айрықша белгісі

Выпуск - №47 (443)   :   27.11.2020
282

Жыл сайын елімізде қараша айының 15-інде ұлттық валютамыз Теңге күні атап өтіледі. Айтулы датаға орай Айсары орта мектебінің кітапханасында мерекелік іс-шара болып өтті.

Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мейрамкүл Көшек «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру мақсатында оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, отаншылдығын, адамгершілігін, халқымыздың қилы тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени мұраларын түсіне білуіне басты назар аударып ақын, жазушылар, мереке, атаулы күндер жайында кітаптар көрмесін ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жиі өткізіп тұрады. Ол кісінің жұмысына мығым, ұқыпты әрі қашанда ізденіс үстінде жүретінін атап өткен артық болмас. Бұл ісіне ата-аналар, ұстаздар қауымы және оқушылар да дән риза.

Жуырда 5 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен Теңге күніне орай ұйымдастырған мерекеде теңгеміздің шығу тарихы жайында қажетті мәліметтер айтылып, қызықты логикалық сұрақтар қойылды. Мектебіміздің оқушысы Қарақат Тойшыбек үш тілде жүректі тебірентер өлеңін оқыды. Өздерінің туындылары мен өлең, тақпақтарын керемет орындағандар – Аяулым Мұңлыбек, Аружан Қадамбаева, Хадия Изтелеуова, Руслан Каблашев, Гүлімай Сарова, Санжар Қайдар, Жаннұр Нұржанқызы болса, сұрақтарға тез жауап бергендер – Темірлан Әлімжан, Бибарыс Жарасланұлы, Аян Жұмағали, Томирис Болысбекқызы, Ақниет Сырғабаева, Ислам Салмағамбетов болды.

Ең белсенді де тапқыр оқушыларға мақтау қағаздары табыс етілді. Мереке соңында кешті ұйымдастырушы М.Көшек және мерекеге белсене қатысқан 5-сынып оқушыларына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдірілді.


Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Айсары ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.