Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Мерейлі датаға орай ел көлемінде егемендікті ұлықтаған шаралар ұйымдастырылуда. Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың қабырғасында да игілікті шара жалғасын тапты.
Бұл жолы ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің есімін иеленген білім ордасының оқушылары өңіріміздің мақтаныштары, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері Абылай Мауданов, Жандос Жүсіпбек, Айжан Санаймен әдеби-тағылымдық кездесуге қатысты. «Азат елдің арманы асқақ жастары!» тақырыбындағы тағылымды жиын барысында өскелең ұрпақ пен жас буын арасында сұрақ-жауап форматындағы әңгіме өрбіді. Мектеп оқушылары қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптарын да ала білді.
Кездесу барысында оқушыларға да сөз беріліп, олар Тәуелсіздікке арнап жазған өлең жолдарын тебірене оқыды. Іс-шараның ұйымдастырушысы Салтанат Өтелбаеваның айтуынша, бұл кездесуді өткізудегі басты мақсат – жастарға егемендіктің қадір-қасиетін ұғындыру арқылы болашақтың қандай болмағы өздеріне байланысты екендігін жеткізу. Білім ордасындағы жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Салтанат Амантайқызы қазіргі зайырлы қоғамда адамның рухани байлығы, ішкі жан дүниесінің кемелдігі бізге аса қажет екендігін айтады.
Іс-шара барысында Абылай Мауданов пен Жандос Жүсіпбек Тәуелсіздікке, туған жерге қатысты өлең жолдарын оқып, жүргізушінің «Қазіргі заманның жастары қандай болуы керек?» деген сұрағына қатысты ой өрбітсе, облыстық филармонияның әншісі Айжан Санай домбырамен әуелете ән шырқап, кештің шырайын келтірді. Қонақтар өз сөзінде жиналған жастарға ақыл-кеңестерін де айтып өтті.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.