Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

«Тіл – тірлігімнің айғағы»

Выпуск - №14(511)   :   09.04.2022
451

Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу және әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен маңызын түсіндіру мақсатында Рудный қаласындағы №18 ЖББ мектепте қазақ тілі пәнінің бірлестігі мақала тақырыбымен аттас қазақ тілі апталығын өткізді.

Қазақ тілі апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес мектеп директоры Г.Рахимбаеваның басшылығымен көптеген іс-шаралар өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуын М.Тулепбергенова, Г.Бисеналиева ұйымдастырды. Апталықтың алғашқы күнінен жұмысын бастаған «Қазақстан – менің Отаным» атты көрмеге 2-5 сынып оқушылары қатысып, макеттер мен қолдан жасалған заттарын ұсынды. Әр оқушының қолөнері бағаланып, мақтау қағазы мен тәтті сыйлықтар берілді. Бас жүлдені 2 «А» сыныбының оқушысы Алексей Тимошенко жеңіп алды.


Ұлттық ойындарымызды, салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Біргелікте ойнаймыз», «Ұлттық киімдер күні» сияқты іс-шараны М.Шарипова, Г.Кушмухамбетова жоғары деңгейде ұйымдастырды. Ұлттық символдарымызды, рәміздерімізді оқушыларымыздың қаншалықты дәрежеде білетінін анықтау мақсатында М.Шарипова мен Б.Шегенова викториналар өткізді. Туған тілді құрметтей отырып, балалардың сөйлеу тілін, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту мақсатында Г.Жамуратова, Г.Кушмухамбетова оқушылар арасында «Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Осы кезде оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қызығушылықтары артты деп айтуға негіз бар.


«Абай оқулары» мәнерлеп оқу сайысына мектебіміздің қазақ тілінде білім алатын 4-6 сынып оқушылары қатысты. Өлеңін жоғары деңгейде оқыған 6 «Ә» сыныбының оқушысы Алиса Бахтиярова болды. Артынша жоспар бойынша «Қазақшаңыз қалай?» атты диалог өтті. Мектепте оқушылары бір-бірінен сұхбат алды. Д.Баймагамбетова, А.Есетова 6-сынып оқушылары арасында ұйымдастырған «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбындағы шығармашылық байқауы әріптестер арасында жоғары бағаланды. Атылмыш сайыс балалардың көңілінен шықты. Балалардың тілі жаттығып қана қоймай, ақын-жазушылар, салт-дәстүрлер туралы білімдері артты.

Апталықтың соңғы күні мектебіміздің мәжіліс залында мектеп директоры Г.Рахимбаева концерт ұйымдастырды. Концертте оқушылар мен ұстаздар би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Артынша мектебіміздің директоры Г.Рахимбаева және директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары апталыққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттады. Апталық өткізудегі біздің мақсатымыз – мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру. Қойылған мақсатқа түбегейлі жеттік деп ойлаймыз.


Бахыткул ШЕГЕНОВА,
Маншук ТУЛЕПБЕРГЕНОВА,
№18 ЖББМ қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің
мұғалімдері,
Рудный қаласы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.