Сарыкөл ауданындағы №1 Урицкий жалпы білім беретін мектебі – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында жабдықталған үшінші ауылдық тірек мектеп.

Мектеп интерактивті жабдықтармен, заманауи жиһаздармен, оқу-әдістемелік жиынтықтармен, 32 оқу кабинетімен, шеберханамен жабдықталды, сондай-ақ ойын алаңдары орнатылды. FabLab, арт-студия, телестудия сияқты қосымша білім беру кабинеттері ашылды. Аталған білім ордасының 9-сынып оқушысы Владислав Кашиннің айтуынша, осы жағдай оқушыларға жаңа тәжірибелік білім алуға көмектеседі.

Владислав IQanat республикалық олимпиадасының II турының жеңімпазы және биология пәні бойынша жүлдегері болған. «Жақында мектебіміз жаңаланды, жаңа үйірмелер, зертхана ашылып жатыр. Менің ойымша, соның арқасында тәжірибе жинақтап, оны болашақта оқуда және олимпиадаларда қолдана аламыз», – дей ол өз сөзінде. Материалдық базаны жаңарту үшін «Қазақстан халқына» қоры 249 млн 825 мың теңге көлемінде қаражат бөлді. Сондай-ақ демеушілер қатарында «Қазақстан халқына» қорына қаражатын жіберген «Beeline Қазақстан» компаниясы бар.

– Біздің жоба ауыл балаларына қаладағы құрдастарымен тең жағдай жасауға, олардың сапалы білім алуына қол жеткізуге бағытталған. Сол мақсатпен Қостанай облысындағы алғашқы мектепті қолға алдық. Бүгінде мектептің материалдық базасын жаңарту түріндегі жобаның алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз. Бірақ білім берудің мазмұны, сапасы мен оқыту технологиялары бойынша әлі де көп жұмыс күтіп тұр. Бұл жерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ серіктесіміздің қолдауы ғана емес, сонымен қатар мектеп мұғалімдері ұжымының өзгеруге және дамуға дайындығы маңызды. Сондықтан біраз уақыттан кейін осы мектептің білім сапасына баға береміз деп ойлаймын, – дейді «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов өңірлердегі тірек мектептерді жабдықтау бойынша жүзеге асырылып жатқан бастаманың маңыздылығы мен облыста ауыл мектептерін қолдауға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Бүгінде «Қазақстан халқына» қорының серіктестері – «Білім беруді тұрақты дамыту» қоры және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмыстардын аяқтады. Осы талдау нәтижелері негізінде мектепті тірек ретінде дамыту бойынша ұсыныстар мен мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курстары айқындалады.
– «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың бастамасымен негізгі ауыл мектептерін дамыту бойынша «Қайырымдылық» жобасының арқасында Қазақстандағы 17 мектеп материалды жаңарту мүмкіндігіне ие болды. Техникалық базасын жаңартып қана қоймай, мұғалімдерге әдістемелік көмек берілді. Осы тұрғыда Қазақстандағы білімге жаңаша леппен, түптеп келгенде, біздің оқушыларымыздың білім сапасын арттыруға мүмкіндік алды, – дейді Қостанай қаласындағы NIS директоры Гульнара Дусказиева.

Үстіміздегі жылдың қазан айында Урицк мектебінің ұстаздары Қостанайдағы NIS базасында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша оқыту курстарынан өтті. Сондай-ақ Зияткерлік мектебінің базасында тірек ауыл мектептерінің ұстаздарына тағылымдамадан өту жоспарлы түрде жүргізілуде.
Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы НЗМ
баспасөз хатшысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.