Жақында Қостанай қаласындағы Абай атындағы ЖББ мектепте қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан бапкер Амангелді Ерғалиевті еске алуға арналған қалалық ашық турнир өтті. Жарысқа барлығы 112 шәкірт, 14 бапкер келді.

Турнирге Қостанай ауданынан Заречный мектебі, Б.Майлин ауданы, Меңдіқара ауданы, Алтынсарин ауданы, Тобыл қаласы, Қостанай қаласы мектептерінен №115, №24 «А», №15, №5 «А», №3, №23, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп, Абай атындағы ЖББМ, Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ және С.Мауленов атындағы гимназияның шәкірттері қатысты. Турнир оқушылардың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және саламатты өмір салтын дәріптеу, тоғызқұмалақ өнерінің өміршеңдігін насихаттау мақсатында өткізілді.
Жарыстың өткізілуіне Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің тоғызқұмалақтан Қостанай облысының бас бапкері, ҚР Еңбегін сіңірген жаттықтырушысы Абильбеков Батырхан Мухтарұлы мен жарыстың бас төрешісі Жоғары дәрежелі ұлттық төреші Үмбетов Даулет Мұқатайұлы себепкер болды. Екі күн бойы бақ сынасқан ойыншылар тамаша ойын өрнегін көрсетті. «Жарыс бар жерде қалыс бар» деген. Бапкерлер шәкірттерін бабына сай дайындап әкелгенімен, арасынан тапқыр оқушылар суырылып алға шықты. Осылайша 2008-2009 жылғы қатысушылар арасында І орынды Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы Аяжан Қалиола, ІІ орынды Қостанай ауданынан Жансая Табанова, ІІІ орынды Қостанай қаласындағы №115 ЖББМ Айым Назымова және Қостанай ауданынан Аман Смаил иеленді.
2010-2011 жылғы ұлдар арасында І орын Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Есенгелді Тельманға, ІІ орын Қостанай қаласындағы №9 ЖББМ оқушысы Арлан Дүйсенғалиге, ІІІ орын Қостанай қаласындағы №15 ЖББМ оқушысы Бахтияр Әділханұлы және Б.Майлин ауданының оқушысы Акниет Ниязбаевқа бұйырды. Ал қыздар арасында І орынға Қостанай ауданынан Бибигул Мулдашева, ІІ орынға Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Амина Садир, ІІІ орынға Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Элнара Жумағали және Меңдіқара ауданынан Гульзат Мукатаева лайық деп танылды.
2012-2013 жылғы ұлдар арасында І орынды №23 ЖББМ оқушысы Карим Сагумбаев, ІІ орынды Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Айдос Рамазан, ІІІ орынды Қостанай ауданынан Бекарыс Есқалиев және №15 ЖББМ оқушысы Дидар Тоғызбаев жеңіп алды. Ал қыздар арасында І орын №115 ЖББМ оқушысы Аида Балабайға, ІІ орын Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы Жансая Көптілеуге, ІІІ орын №15 ЖББМ оқушысы Аружан Әділханқызы және Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Милана Амантаеваға бұйырды.
2014 жыл және одан төмен ұлдар арасында І орынды Б.Майлин ауданының оқушысы Адилет Ниязбек, ІІ орынды Алтынсарин ауданының оқушысы Алдияр Сыздыков, ІІІ орынды №15 ЖББМ оқушысы Шыңғыс Нұрлан және №3 мектеп-гимназия оқушысы Диас Достяров алды. Ал қыздар арасында І орын Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Жания Казымбекке, ІІ орын Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Ақерке Рамазанға, ІІІ орын №115 ЖББМ оқушысы Аяжан Илимжанова және Жанару Хамитоваға бұйырды. Іс-шара соңында жеңімпаздарға мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтар табыс етіліп, естелікке суреттерге түсумен аяқталды.
Жаслан БЕКЕНТАЕВ,
Абай атындағы ЖББМ
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.