Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ гимназияда тәрбие жұмысының онкүндігі шеңберінде 9-сынып оқушыларымен Арқалық қалалық дала өлкесі тарихы облыстық мұражайымен бірлескен түрде тағылымды іс-шара – дөңгелек үстел өткізілді.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс. Осы бағыттағы іс-шара барысында оқушыларға Арқалық қаласының шығу тарихы, қаладағы көшелерге есімі берілген тарихи тұлғалардың өмір жолдарынан мағлұмат беріліп, туған өлкенің тарихы, қаламыздағы болған ірі кәсіпорындар тарихынан сыр шертілді. Музей қызметкерлері Азия Қалиева мен Әсел Абдильдина «Арқалық ауданына – 60 жыл» тақырыбындағы тақтамен екі тілде таныстырып өтті.
Таныстырылым барысында Арқалық ауданының бұрынғы атауы Қызылқозы тіркесінің қойылу себебі, қала көшелерінің атаулары және олардың берілу тарихы жайында айтылып, оқушыларға түсіндірілді. Мысалы, қаламызда Руфина Маясова атындағы көшенің берілуі жайлы оқиғаны біреу білсе, біреу білмес. Тарихқа көз жүгіртіп қарар болсақ, 1956 жылдары қала тұрғызыла бастаған шақта Қазақстанның түкпір-түкпірінен құрылысшылар келіп, алғашқы үйлерді тұрғыза бастаған. Сондай көп құрылысшылар ішінде өрімдей жас қыз Руфина да болған екен. Құрылыс барысында демалыс алып, туған жеріне барып келе жатқан жолда қатты аяз, боран болып, қалаға азғантай шақырым қалғанда үсіп, қайтыс болған деген деректер бар. Сол себепті де қаламыздың белді көшелерінің біріне осы қыздың есімі берілген екен.
Әрине, кез келген оқушы өзінің туған жерінің тарихын білуге міндетті. Іс-шара барысында қаламыздың қазіргі тұрмыс-жағдайы да сөз болды. 10-сынып оқушысы Айханым Фазылдың Арқалық қаласы туралы ізденіс жұмысы да тыңдалды. Жұмыс барысында қаланың қазіргі жағдайы, Алюминқұрылыс мекемесінің тарихы және оның басшысы Абай Құспанұлы және оның халық үшін жасап жатқан игі істері туралы айтылды. Осылайша аға буын мен өскелең ұрпақтың арасында рухани сабақтастық орнап, мәнді де мағыналы іс-шара болғаны көңілге қуаныш ұялатты.
Білім алушылар іс-шара барысында ерекше әсерге бөленгенін, өлке тарихына қызығушылығы оянғандарын білдіріп, қаламыздың он жылдан кейін қалай өзгеретінін, өзгеру үшін қандай үлес қоса алатындарын айтып, ой бөлісті. Ал 9-сынып жетекшілері Аида Қапанғалиқызы, Ерсін Серікқызы және Тоқтасын Аманжолұлының қалалық мұражаймен бірлесе отырып ұйымдастырған дөңгелек үстел оқушылардың білімдерін толықтыратын, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыратын тағылымды іс-шара болды.
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Отан табиғаты ерекше ыстық. Оның тауы мен тасынан да, өзен-көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады. Әр адам өз туған жерін құрметтеу және сүю керек. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінмен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы болса, адам еліне адал қызмет етіп, білімі мен еңбегін елінің игілігіне жұмсайды.
Ерсин КОНЫРШИНА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.