Жаңа оқу жылы дәстүрлі алғашқы қоңырау салтанатынан басталды. Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де жаңа 2024-2025 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.
Жаңа оқу жылында конкурстық іріктеуден жоғары білім деңгейін көрсеткен және «Өркен» білім грантының иегерлері болған 160 жетінші сынып оқушысы бар. 10 жылдық тарихы бар мектебіміз үшін бұл ерекше оқиға, өйткені биыл 7-сыныпқа қабылданған бала саны рекордтық деңгей көрсетті. Жаңадан қабылданғандардың қатарында 5-сыныпқа қадам басып отырған 10 оқушы Назарбаев Зияткерлік мектебінің табалдырығын аттады.
Мерекелік бағдарламада «Тұмар» би ансамблі мен «Менің алтын ұя мектебім!» әнімен республикалық және халықаралық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары «Hard Chord» вокалды-аспаптық ансамблі өнер көрсетті. «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық стартап-жобалар конкурсында жеңіске жеткен 12 «D» сыныбының оқушысы Әділхан Тубулбаев және конкурстық іріктеуде ең жоғары балл жинаған 7 «А» сыныбының оқушысы Нұрсая Сандибек Білім күніне арналған мерекелік іс-шараның алғашқы қоңырау соғу рәсімін жүргізді. Іс-шара 7-сынып оқушыларының салтанатты ант беруімен жалғасты, қатысушылар мен көрермендер ерекше ықыласпен оқушыларға қошемет көрсетті.
Салтанатты жиыннан кейін мектеп сыныптарында Шаңырақ сағаттары өтті. 2024 жыл – мектебіміз үшін ерекше жыл болды. Биыл мектебіміздің 10 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осы онжылдықта біздің білім беру кемесі талай сынақтардан өтіп, көптеген жеңістерге қол жеткізіп, сенімді түрде алға жылжыды. Біздің оқушылар мен мұғалімдер мектептің елдегі жетекші оқу орындарының бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кәсіби, шығармашылық жетістіктерге жетуге ықпал етті. Бұл мерейтой бірлігімізді, табандылығымызды және білімге деген ұмтылысымызды білдіреді. Бұл шақта біз өткен жолға мақтанышпен қараймыз және болашақтағы жаңа белестерге әрекет етеміз.
Әсел ҚИБАШ,
Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз хатшысы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.