Түлектер тартуы толасталмайды

Выпуск - №21(669)   :   06.06.2025
368

1

Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің 2010 жылғы түлектері туған оқу ордасына деген шексіз құрметі мен ыстық ықыласын білдіріп, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Бейімбет Майлинге арналған ескерткіштің орнатылуына мұрындық болды.
1948 жылы Геологтар қалашығында бастауыш мектеп ретінде ашылған білім ордасы 1962 жылдан бері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің есімімен аталады. Мерекелік іс-шарада түлектеріміз Жансая Жүсіпбекқызы мен Оралбек Елікбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ескерткіш орнату идеясының туындау тарихына тоқталып, бастаманың жүзеге асуына себепші болған мектеп басшысы мен ұстаздарына шынайы алғыс пен жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Б.Майлинге арналған ескерткішті ашу құрметі ҚР Мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының Құрметті азаматы Бөлтірік Молдашовқа және алғашқылардың бірі болып осы бастаманы көтеріп, жүзеге асыруға белсене атсалысқан мектеп түлегі Нұрлыбек Ғалымжановқа табысталды. Салтанатты рәсім ерекше әсерлі әрі тебіреністі жағдайда өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов пен Арқалық қаласы білім бөлімінің басшысы Есламбек Маметеков арнайы қатысты.
Іс-шара барысында ескерткіштің дайындалуы мен орнатылу жұмыстарына тікелей жетекшілік еткен мектеп директоры Нұрдәулет Ахатовқа алғыс білдірілді. Сонымен қатар білім бөлімінің басшысы ескерткіштің орнатылуына ерекше үлес қосқан 2010 жылғы мектеп түлектері білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл – олардың туған мектебіне деген сүйіспеншілігі мен белсенді азаматтық ұстанымын жоғары бағалаудың жарқын көрінісі болды.
Ескерткіш орнату – өткенді ұлықтап, ұлы тұлғаның өмірі мен мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағытталған тәрбиелік мәні зор игі бастама. Мұндай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпаққа туған мектебін қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосары анық. Осылайша, бұл күн – мектеп ұжымы, оқушылар мен олардың ата-аналары, әр жылдары білім ордасынан түлеп ұшқан түлектер үшін ерекше күн болып қалмақ.

Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін
мектеп директорының ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.