Тәуелсіздік күніне орай, мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мектебімізде 9–11-сыныптар арасында волейболдан турнир өтті. Бұл іс-шараға белсенді, спортқа құштар оқушылар қатысып, өз шеберліктерін және командалық рухын көрсете білді.
Турнир нағыз достық пен спорт мерекесіне айналды. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыра отырып, қатысушылар өздерінің ойын шеберлігін ғана емес, қарсыластарына деген құрметін де көрсетті. Ал, жанкүйерлер командаларын қолдап, ерекше атмосфера қалыптастырды. Ойындар тартысқа толы болып, оқушылар жарқын сәттер мен қызықты оқиғалардың куәсі болды. Волейбол алаңындағы жарыс нәтижесінде 11 «Б» сыныбы бірінші орынды иеленсе, 11 «А» сыныбы екінші орынға ие болды, ал 10 «В» сыныбы үшінші тұғырға табан тіреді.
Осылайша, жеңімпаздар жоғары дайындықтары мен ұйымшылдықтарын дәлелдеді. Айтқандай, турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр кезеңі мұқият дайындалды. Мектеп парламенті жарыс кестесін жасап, жеңімпаздарды марапаттауға дейінгі барлық ұйымдастыру мәселелерін толықтай қарастырды. Әсіресе, саламаттылықты насихаттауға бағытталған спорттық іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық жандарға ерекше алғыс білдіреміз.
Маржан СУНКАРБЕКОВНА,
Абай атындағы ЖББМ аға тәлімгері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.