Амангелді ЖББ мектебінде волейбол спорты жаңа серпін алуда. Волейболшыларымыздың түрлі деңгейдегі жарыстағы жетістігі соның дәлелі болса керек. Бұған мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі, жетекшісі Кенжеболат Аймағамбетов үлкен үлес қосуда.

Сапалы дайындық нәтижесінде жақында Кеңес одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігінің 80 жылдығына арналған 5-6 сынып ұлдары арасында волейболдан «Шұбар доп» облыстық мектеп лигасында Амангелді ЖББ мектебінің 5-6 сынып оқушыларынан құралған ұлдар арасындағы команда қатысып, жүлделі 2-орынды иеленіп келді. Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қайрат-жігерін шыңдап, патриотизмге тәрбиелеу болатын.
Ұлттық мектеп лигасы – бұл ауылдық жерлерде жас таланттарды анықтауға мүмкіндік беретін спорттық жарыстар, мектеп спортындағы ерекше жоба. «Шұбар доп» волейбол жарысы оның бір бөлігі ғана. Облыстық деңгейде өткізілген «Шұбар доп» волейбол жарысының қорытындысы біздің спортшылар үшін жемісті болды. Жарыста «Үздік ойыншы» номинациясын 6-сынып оқушысы Жантөре Жұмағазин жеңіп алып, мақтау қағазымен марапатталды және мектеп атына арнайы марапат табысталды. Сонымен қатар жетекшісі Кенжеболат Жұматұлы оқушыларды сапалы дайындағаны үшін арнайы марапатталды.
Бұл турнирде бірнеше командалар арасында екінші орынды біздің волейболшылар жеңіп алып, мектеп, аудан намысын қорғап келді. Бұл, әрине, біз үшін үлкен жетістік. Жеңісті бәсекеде жүлдемен оралған спортшыларымызды аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Қарқынбаев бастап, оқушыларымыздың ата-аналары мен ұстаздары құрметпен қарсы алды. Жасөспірімдер жарыстан алған әсерлерімен әлі күнге дейін қызу бөлісуде. Бізбен әңгімесінде олар волейбол ойынын және жетекшісін жақсы көретіндіктерін айтып, әлі талай биік белестерді бағындыратынын, жарыста бар ынталарымен ойнағандықтарын жеткізді. «Жарыс өте қатты ұнады. Қарсыластарымыз да осал болмады. Дегенмен біз де жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырыстық», – дейді олар.
Жеңіске деген ерік-жігерлерін мықты көрсете білгендеріне оқушылар мәз-мейрам. Олар өздерін сапалы дайындап апарған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кенжеболат ағайы мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Қарқынбаев ағайларына алғыстарын білдіруде. Осы кісілердің өздеріне артқан сенімі мен шексіз қолдауларын сезініп, өздерін жаттықтырған бапкерлеріне, команда мүшелеріне, отбасы мен достарына ризашылығын жеткізді. Жас спортшыларымызды алда талай жеңісті сәттер күтіп тұрғанына сенімдіміз. Жеңіспен оралған спортшыларымызға құрмет көрсетіп, мектепішілік жиында марапаттап, болашақтарына толағай табыс тіледік.
Камшат АБДИКОВА,
Амангелді ЖББМ
ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі
орынбасары
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!