Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2024 жылғы World Robot Olympiad халықаралық робототехника олимпиадасының республикалық кезеңі қорытындыланды.
«Жер-Ана қамқоршылары» тақырыбында өткен ұлттық олимпиадада жас робототехниктер төрт санат бойынша бақ сынасты: Future Engineers, RoboMission, Future Innovators және RoboSports.
Future Innovators. Junior санатының үздік рейтингіне енген командалар: «Qwerty» командасы – Сезім Нұрмұратова, Мәди Мұрзабек (Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі).
Future Innovators. Senior санатының үздік рейтингіне енген командалар: «Qoldan» командасы – Бекзат Утеулин, Жансерік Қалиола (Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі).
Сондай-ақ, Ұлттық робототехника сайысына төреші ретінде қатысқаны үшін команда жетекшісі Александр Шерцерге «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрағасы Әнуар Жанғозиннің атынан сертификат табыс етілді.
Әсел ҚИБАШ,
Қостанай қаласындағы
NIS баспасөз хатшысы