Халық мәдениетінің коды

Выпуск - №35(583)   :   19.09.2023
706

Қостанай қаласындағы «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №28 мектеп-гимназиясының 5 «Б» сыныбының кадеттеріне арнап «Тіл – халық мәдениетінің коды» атты іс-шара өткізді.

Кітапханашы іс-шара барысында 1989 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңының тарихымен таныстырды. Елімізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып танылса, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі саналады. Мәселен, биылғы 2023 жыл ТМД елдерінде ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы болып жарияланғаны белгілі. Әңгімелесу аясында балаларды заңның талаптарымен таныстырып қана қоймай, әрбір тілдің олардың өміріндегі рөлі қандай екенін сұрап-білдік.

Балалар «Қарым-қатынас тілін біл» виктоинасына, жұмбақ сайысына белсенді қатысты. Сондай-ақ өткізілген «Қызықты ұйқастар» ойыны балалардың қазақ және орыс тілдерін қандай деңгейде меңгергенін көрсетті. Ал «Тіл құдіреті» атты кітап көрмесіне: тілашар, сөздіктер, тіл танымына арналған әдебиеттер қойылды. Ұйымдастырылған ойындарға қатыса отырып, жас жеткіншектер Қазақстан атты бір шаңырақ астында түрлі этнос өкілдерінің өмір сүріп жатқанын және де бұл достық атмосфераның тілге деген құрметпен тікелей байланысты екенін түсініп, өз білімдерімен көрсете білді.


Сандуғаш ОМАРОВА,
«Строительный» к/ф
кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.