Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI жалғасуда. Жақында Таиландта география пәнінен IGeO-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын, екі күміс қанжығалады. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-ші орын алды.
Алтын – Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып.
Алтын – Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып.
Күміс – Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып.
Күміс – Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып.
Олимпиаданың барлық кезеңіне құраманы дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды. Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.
Жеңімпаздарды, олардың жетекшілерін және ата-аналарын зор жетістігімен құттықтаймыз! Бұл – еліміздің халықаралық беделіне қосылған сүбелі үлес.
Айта кетейік, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар 5 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің
баспасөз қызметі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.