Амангелді ауданына қарасты Б.Қолдасбаев атындағы мектептің 2-4 сынып оқушылары халықаралық «ПОНИ» балалар зияткерлік сайысына қатысып, жүлделі орындармен оралды.

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», – деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, жас ұрпақтың жетілуі үшін бүгінде жан-жақты мүмкіндіктер жасалған. Осы тұста, біздің мектеп оқушыларының білім деңгейін тексеру мақсатында 2-4 сынып арасынан 75 оқушы халықаралық «ПОНИ» (Пайымда! Ойлан! Нәтижеле! Иегері!) зияткерлік сайысына қатысты. Оның біреуі аудан ішінде жеңімпаз медалінің иегері атанса, қалған 19-ы жүлделі орындармен марапатталып, сынып жетекшілері арнайы Қазақстан-Ресей ұйымдастыру комитетінің Алғыс хатымен марапатталды. Білім сайысының жеңімпаз медаль иегері – орыс тілінде білім алатын 2-сынып оқушымыз Жанель Айдарбекова (сынып жетекшісі – Нұргүл Әбдікова).
Жүлдері орын иегерлерін де атап өтсем, 2-сынып оқушылары – Іңкәр Бектепберген, Жансая Берікқызы, Асыл Әділханова, Аружан Самат, Әбілқайыр Мағауия, Арман Кенжеболатұлы, Ақылбек Қазыкен, Жанарыс Аманкелдин, Нұрдәулет Серіков, Сыздық Нұрайым, Айгерім Әуелбек. 3-сынып оқушылары – Жансая Жұмағали, Айзере Жұматова, Айару Қуандық, Жанбота Исақызы, Даниал Мирам және 4-сынып оқушылары – Бейбарыс Сәлім, Ботакөз Ғабитқызы, Әсел Әділбекқызы. Бұндай халықаралық білім додаларына қатысу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға өзіндік үлес қосамыз, Одан бөлек, оқушылар тапсырмаларды орындауда бірлесіп нәтижеге жетуге үйренеді.
Жадыра ОСПАНОВА,
Б.Қолдасбаев ат. ЖББОМ
директордың бастауыш
оқу ісінің орынбасары,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.