Халықтан қолдау тапқан мереке

Выпуск - №47 (443)   :   27.11.2020
294

Тұңғыш Президент күні 2011 жылы желтоқсанның 10-ында парламент сенатының толық отырысында бекітілді. Мерекеге орай №10 орта мектептің 3 «А» сынып жетекшісі Сандуғаш Қыдырбекова ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін бұл мейрамның маңызы да ерекше, тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылы желтоқсанның 1-інде алғаш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзенті жазылды. Бүкілхалықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 даусына ие болып, бірауыздан ел Президенті атанды. Қазақстанның тағдырын өз қолына алған көшбасшымыз дәл сол айдың 16-сында бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие.

«Біздің Елбасы» тақырыбында өткен тәрбиелік сағаттың мақсаты – жас ұрпаққа Тұңғыш Президенттің сан қырлы дарын иесі, қадірлі тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының өнегелі өмірімен таныстырып, одан үлгі алуға тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Тәрбиелік сағат барысында аумалы-төкпелі кезеңде «мың өліп, мың тірілген» қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жеткендігі айтылды. Сандуғаш Әлібекқызының жан-жақты ойластырылған ашық сабағында оқушылар дайындалып келген ән, би, өлең шумақтарын оқыды.

Елбасының халықтың əлеуметтік игілігіне бағытталған мемлекет құру жолындағы күш-жігерін ескере отырып, дәл осындай жоғары дәрежелі құрметке лайық тұлға екеніне ешкімнің дауы бола қоймас деп білеміз.

Батырхан КАРАШИНОВ,
№10 ЖОББМ «Сәлем» жас
тілшілер үйірмесінің
жетекшісі,
Арқалық қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.