Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 140 жылдық мерейтойына орай, «Ы.Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараны облыстық білім басқармасының Әдістемелік орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты мен Жангелдин ауданы білім беру бөлімі бірлесе ұйымдастырған. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасын зерттеу, оның дәстүрлі білім беру жүйесіндегі орны мен ықпалын талқылау, сондай-ақ білім беру процесіндегі инновациялық әдістер мен жаңа технологияларды қолдану мақсатындағы жиын үш бөлімнен тұрды. Тағылымға толы іс-шараның алғашқы бөлімі Қалалық балалар шығармашылығы үйінде ұйымдастырылды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалидің құттықтау сөзінен соң, пленарлық отырыс жалғасын тапты.
«Ыбырай Алтынсарин педагогикасының өзегі – адамгершілік» тақырыбында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, Ы.Алтынсарин атындағы ММГИ түлегі Қалқаман Жақып; «Даланың таза бұлағы» тақырыбында публицист, драматург, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет; «Торғай төріндегі тұңғыш мектеп» тақырыбында Жангелдин ауданы білім бөлімі басшысының м.а. Абай Қасым; «Ыбырай Алтынсариннің білім беру саласындағы педагогикалық мұрасының өзектілігі» тақырыбында Ы.Алтынсарин атындағы ММГИ директоры Ырсалды Келинбердиева, сондай-ақ «Мектеп және музей» тақырыбында Торғайдың мұражайлар кешенінің әдістемешісі Альбина Дулатқызы баяндамасын оқыды.
Конференцияда Ы.Алтынсариннің көрнекті педагогикалық және әдеби мұрасын заманауи білім беру саласында тиімді пайдалану мәселелері көтеріліп, ағартушының ұстаздық принциптері мен оның қазақ білімінің дамуына қосқан үлесін жаңа заман талаптарына сай қолдану жолдары талқыланды. Педагогикалық тәжірибе мен ғылыми зерттеулерді біріктіру, инновациялық тәсілдер мен білім беру жүйесіндегі жаңа әдіс-тәсілдер жайлы пікір алмасу – конференцияның басты бағыттарының бірі болды. Екінші бөлім аясында ұстаздың кесенесіне тағзым етіліп, Ыбырай мектебіне экскурсия ұйымдастырылды. Артынша білім ордасында секция жұмыстары жүргізілді.
Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайында ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы қорытындыланды. Бір топ зиялы қауым өкілдері мен ұлағатты ұстаздар бас қосқан жиында Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мэлс Абдрахманов танымдық әрі тағылымдық жағы мол іс-шараның ұйымдастырушыларына басқарманың атынан Алғыс хаттарын табыс етті.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.