Ыбырайтану әлеміне ашылған есік

Выпуск - №41(488)   :   20.10.2021
673

Қостанай қаласындағы Ыбырай Атынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында жыл сайын 5-сынып оқушыларына арнап Ыбырайтану сабақтары өткізіледі. Биыл да дәстүрлі жоба жалғасын тауып отыр.

Бастауыш сыныпты тәмәмдап, санасы толыса бастаған әрбір оқушы білім алып жатқан қара шаңырағының тарихын және мектебі атын иеленген тұлғаның өмір жолы мен атқарған қызметінен, шығармашылығынан хабардар болуы тиіс. Осы мақсатты ұстанған қара шаңырақ – Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың ұстаздары жаңа оқу жылының басынан 5 пен 6-сынып оқушыларына арнап Ыбырайтану факультативтік курсын ұйымдастыруда. Аталмыш курс жұмысы аясында өзі оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде Ы.Алтынсариннің шығармашылығы мен асыл мұрасын оқушылар арасында насихаттап жүрген Жұмаш Бөлекбаева Ыбырайтану курсының негізі осыдан 20 жыл бұрын қаланғанын айтады.

– Курс барысында оқушыларға өзіміздің қара шаңырақтың тарихын, оның негізін қалаушы, қазақ балаларына білімнің шуағын шашқан Ыбырай атамыздың өмір жолы, шығармашылығы, әңгімелері және өлеңдері насихатталады. Үстіміздегі жылдан бастап Ыбырай атамыздың 180 жылдығына байланысты мектебімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ал Ыбырай Алтынсарин өз қолымен негізін қалаған мектеп болғандықтан, жылдағы дәстүрімізге сай биыл да қазанның 20-сы болатын ағартушының туған күніне орай жақында атамыздың кесенесіне барып, дұға жасап, оқушыларымыз сол жерде жүректерінен шыққан өлеңдерін оқып, дана педагогтің тілге жеңіл, жүрекке жақын әңгімелерін мазмұндап, жұртқа паш етті, – дейді Жұмаш Советқызы. Осы білім ордасында жұмыс істеп келе жатқан 30 жыл ішінде Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне бармай қалған бір-де бір жыл болмағанын айтады. Бұны ұлы ағартушының аруағына деген ұрпағынын құрметі деп ұғынсақ игі.

Биылғы жыл басынан бері олимпиадалар мен ғылыми жұмыстардан орын алған оқушылар жеңістерін Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арнауда. Мектепте өткізілетін Ыбырайтану сабақтарының да пайдасы көл-көсір. Оқушылардың әрқайсысы Ыбырай аталарының ең кем дегенде 3-4 шығармасын жатқа біледі. Жалпы арнайы Ыбырайтану курсы алғаш рет осыдан 20 жыл бұрын қолға алынған екен. Оның негізін қалаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Ы.Алтынсарин» меделінің иегері Қадырғалиева Мүгілсін Қадырғалиқызы. Бүгінде құрметті демалыстағы ұстаз Ыбырайтану факультативтік курсының жобасын республикада қорғап, мектепке мұра қалып қалдырған екен. Сол кісінің бастап кеткен ісін жалғап келе жатқан игілікті орданың ұстаздары игі істің шарапаты мол екендігін айтады. Ал Ыбырай шығармаларының қанаты қатып кете жатқан балаға берер тәлім-тәрбиелік мәні зор екендігіне ешкім таласа алмас.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.