Еліміздің барлық білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық мектеп түлектеріне сәт сапар тіледі. Осы орайда, Амангелді ауданындағы Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектепте «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты жиын болып өтті.
Жиынға Амангелді ауданының білім бөлімінің басшысы Дихамбаев Мұрат Сембайұлы, білім бөлімінің әдіскері Бимағамбетова Бақыткүл Әмірғалиқызы, ата-аналар, ұстазадар мен оқушылар қатысты. Бұл – 11 жыл бойы тәлім-тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасын артта қалдырып, үлкен өмірге қадам басатын қуанышты күн. Сапалы білім мен саналы тәрбие алған алтын ұя мектебін тәмамдап, қияға қанат қағатын жастар үшін, бұл – ең қымбат, ең қимас әрі ең ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәттердің бірі.
Алматы қаласындағы университеттің грантын жеңіп алған Хамида Искакова
Биыл үш сынып Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебінің түлегі атанды. Атап айтар болсақ: сынып жетекшісі Макашева Данара Ерболатқызы болған 11 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Жақыбаева Гүлім Ғалымжанқызы болған 11 «Б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Мыстанова Әлия Валентинқызы болған 11 «В» сынып оқушылары. Өмірдің жаңа белесіне үлкен үмітпен қадам басқалы тұрған түлектерге жиналғандар ұлы мұраттар жолына шеккен сапарлары сәтті, қадамдары құтты болуын тіледі.
Ғибрат Меңдібаевқа Амангелді ауданы білім саласына қосқан айрықша үлесі үшін алғыс хат табысталды
Құттықтау сөз Амангелді ауданы білім бөлімінің басшысы Дихамбаев Мұрат Сембайұлына, мектеп басшысы Әбдіков Мұхаммедали Серікұлына беріліп, олар барша білім алушыларды мерекесімен құттықтап, мектеп түлектердің алдағы өмірлеріне ақ жол тіледі. Түлектер сынып жетекшілеріне гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын айтса, ұстаздары 11 жыл бойы білім беріп, бозбала мен бойжеткендер қатарына бет алған шәкірттеріне армандарына талмай жетуін тілеп, қимай қоштасатындарын тілге тиек етті.
Облыстық, Республикалық деңгейдегі ғылыми жоба және пән олимпиадалардың жеңімпазы, жақында өткен Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі пән олимпиадасының шешуші кезеңінің «Білгірлер бәйгесі» аталымынан ІІ орын алып, Алматы қаласындағы университеттің грантын жеңіп алған 11-сынып оқушысы Хамида Искакова 10-сынып оқушысы, оқу озаты, аудандық «Әбіш оқулары» байқауының, ғылыми жобалардың жеңімпазы, аудандық, облыстық олимпиадалардың қатысушысы Жасмин Сайлауоваға берік қалыптасқан дәстүрге сай білімнің алтын кілтін тапсырды.
«Армандастар» балалар шығармашылығы облыстық фестивалінің обылыстық және аудандық кезеңдерінің «Кейіпті актерлік тұрғыдан ең үздік бейнеулеу» номинациясының иегері, «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты облыстық кино байқауының І орын иегері, «Іляс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, «Ұлт ұстазы Ахмет» атты мәнерлеп оқу байқауының І орын иегері әрі мектеп мақтанышы Ғибрат Меңдібаев «Соңғы қоңырау» монологын оқыды. Оқушылар тақырыпқа сай әндерін шырқап, би биледі. Соңында Ахмедия атамыз мектеп бітіруші түлектерге ақ батасын берді. Осылайша, үкілеген үміттерге толы шара Саят Әбеновтың сөзіне жазылған Нұрлыбек Есмағамбетовтің әні «Қолдасбаев мектебім» атты мектеп әнұранымен аяқталды.
Әнет ЖҰМАБЕК,
Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.