Білім ордасынан ұшар сәт мектеп бітіруші түлектердің жүрегіне қуаныш-шаттығымен қоса шексіз қимастық сезімін сыйлайды. Олар үшін мектеп қабырғасында соғылған соңғы қоңырау үні биыл ерек.
Республикамыздың барлық мектептерде бір уақытта, яғни маусым айының 3-і күні таңғы сағат 10-да түлектердің қолына орта білім туралы аттестаттарын табыс ету рәсімі өтті. Шара небәрі 40 минутқа созылды. Қарантин жағдайына байланысты, марапаттау барысында түлектер медициналық маска тағып, белгіленген арақашықтықты сақтады. Қостанай қаласының білім бөлімі ұсынған деректерге сүйенсек, биыл 992 түлек үлкен өмірге қадам баспақ. Ал облыс орталығындағы №11 орта мектепті биыл 15 оқушы тәмәмдап, орта білім алғандығын растайтын аттестатқа ие болды.

Аталмыш мектеп ауласында өткен салтанатты шараны білім ордасының директоры Светлана Ковлющенко ашып, сөз басында үстіміздегі жылдың айтулы даталарға – Ұлы Отан соғысына 75 жыл, Абай Құнанбаевтың мерейтойы және Волонтерлер жылына сәйкес келгендігін атап өтті. Артынша алтын ұядан қанат қаққалы тұрған түлектердің қадамына сәт-сапар тілеп, алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтетіндеріне сенім білдірді. Мектеп басшысының сөзінен кейін шәкірттерін үлкен өмірге ұшырғалы жатқан сынып жетекшісі Гаухар Абильдина жүрекжарды сөзі мен игі тілегін арнады.

Карантин талаптарына сай түлектер арнайы дайындаған билерін орындай алмаса да, ақжарма тілектерін арнап, дәстүрлі түрде шырқалатын әннен шашу шашты. Тарыдай болып кірген білім ордаларынан, тудай болып шығып жатқан олар білім нәрін кеудесіне толтырған аяулы ұстаздарына алғыс білдіріп, «Қош бол, мектебім» әнін қосылып орындады. Мектеп бітіруші түлектердің атынан сөз алған сынып белсендісі Асылжан Самуратова білімнің дәнегін сепкен ұстаздарына алғыс білдіріп, сыныптас достарына ақ жол тіледі.

Енді оларды маусымның 27-сі күні өмірінде кездесетін сынақтардың алғашқысы күтіп тұр. Биыл Қостанай қаласы бойынша ҰБТ-ға қатысуға 867 түлек өтініш берген. Оның ішінде 234-і қазақ тілінде болса, 633-і орыс тілінде. Ертеңге деген үмітін үкілеген кеудесінде жалыны бар жастарға сәттілік тілей отырып: «Жолың болсын, жас түлек!», – дейміз.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген Наурыз ТУРЕБЕК
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.