Ұлт ұстазын ұлықтаған семинар

Выпуск - №44(491)   :   13.11.2021
482

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл. Ұлт ұстазын ұлықтау мақсатында Ы.Алтынсариннің құрметіне елімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Мерейтойға, әсіресе, кітапханашылар белсене ат салысып, зор үлес қосуда. Жуырда Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың базасында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлы дала қоңырауының үні» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинар Zoom платформасында ұйымдастырылып, YouTube каналында тікелей эфирден көрсетілді.

Семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен білім беру мекемесінің мамандары мен кітапхана мамандары қатысып, Ыбырай Алтынсаринге арналған шараны тамашалады. Алқалы жиынды мектеп-интернаттың директоры Ырсалды Келинбердиева құттықтау сөзімен ашты. Артынша сөз алған мектеп-интернат директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Мағзұм өзінің «Ұлы дала қоңырауының үні» атты баяндамасында Ыбырай Алтынсариннің аты берілген мектептер туралы, өткізіліп жатқан шаралар жайлы кеңінен таныстырып өтті. Ал әр облыстан қатысқан кітапхана мамандары баяндамаларын оқыды.


Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталатын мектептерден қатысқан мамандар ағартушының шығармашылығы, оның артынан өшпес мұра болып қалған еңбектерінен және атқарылып жатқан шаралар жайында тұшымды мәліметтер берді. Сондай-ақ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың директоры Алия Сайдембаева арнайы слайд арқылы Алтынсарин элекронды кітапханасына таныстырылым жасады. Семинар қатысушылары арнайы сертификатқа ие болды. Мерейтойға орай ағартушының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау әрі дәріптеу мақсатында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы арнайы Алтынсарин сайтын ұйымдастырып, оны толықтыру үстінде екенін айта кеткен жөн.


Халық ағарту жолында ұлты үшін аянбай қызмет еткен Ыбырай Алтынсариннің есімін ұлықтау, өскелең ұрпаққа дәріптеу – біздің мызғымас парызымыз. Сондықтан елімізде осы бағыттағы шаралар үздіксіз өткізіліп тұруы қажет. Мектеп, ЖОО мен кітапханалар жеткіншектерге халқымыздың дара тұлғаларын, оның ішінде ұлттың ұстазы болып, келер ұрпаққа баға жетпес қазына қалдырған Ыбырай Алтынсаринді дәріптеуден жалықпаса игі.


Сауле КАБДУЛИНА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылыған
мектеп-интернаттың
кітапхана меңгерушісі,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.