Ұлт ұстазының ұлы мұрасы

Выпуск - №46(493)   :   26.11.2021
393

Федоров ауданына қарасты Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте ұлт ұстазы, қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Кел, балалар оқылық!» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен мәнерлеп оқу сайысы қазақ халқына білімнің сарқылмас қазынасын қалдырған ағартушының еңбектерін насихаттау мақсатын көздеді. Ы.Алтынсариннің өлең-жырларын ақтаруға мектептің бастауыш сынып оқушыларынан бастап жоғары сынып оқушылары да белсенді қатысты. Байқаудың ашылуында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Гүлзира Калиева оқушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тілеп, құттықтау сөзін арнады. Мектепішілік мәнерлеп оқу сайысына жалпы саны 30-дан астам оқушы қатысты. Олар Ыбырай атамыздың өлеңдерін барынша мәнерлеп оқып, көрермендер мен әділ қазылар алқасының жүрегіне жеткізуге тырысып бақты.

Оқушыларды сайысқа дайындау барысында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үлкен еңбек сіңірді. Бұл тұста Г.Калиева, Ұ.Мырзалиева, А.Аканова, Ж.Абайтова, Б.Нуржанова, К.Бейбітқызы, Г.Ануарбекова, Д.Валееваны атап өтсек ләзім. Мектепішілік байқауға оқушыларды саны жағынан ғана емес, сапалылық тұрғысынан дайындаған ұстаздардың еңбегі оқушылардың өлеңді мәнерлеп, ырғаққа салып оқығандарынан-ақ көрініп тұрды.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар 1, 2, 3-жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, 8 «А» сынып оқушысы Гюнай Гулиева, 6 «В» сынып оқушысы Карина Мартынюк, 5 «А» сынып оқушысы Павел Ничай, 5 «А» сынып оқушысы Дарья Дудко, 4 «В» сынып оқушысы Дайана Умиртаева, 3 «Б» сынып оқушысы Микаэль Мамсуров және 5 «А» сынып оқушысы Полина Зыкова байқауда топ жарды.

Ыбырай мұрасын насихаттаған байқау көздеген мақсатына жетті. Әділ қазылар алқасы да оқушылардың өнеріне ерекше баға беріп өткенін де айтып өткен жөн. Бұлақ суындай мөлдір, тұла бойға ерекше сезім сыйлайтын Ыбырай атамыздың өлеңдері жас ұрпақтың бойына білім нәрін себуге себепкер болды. Ағартушы мұрасы мектеп қабырғасында мәңгі жаңғырмақ.


Асылхан СЕЙДАХМЕТОВ,
Абай атындағы ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Федоров ауданы

Реклама

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.

Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.