Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет

Выпуск - №22(519)   :   06.06.2022
1016

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл және Ахмет» күндері өтті. Соған орай Қостанай қаласындағы №29 жалпы білім беретін мектептің базасында тіл мамандары арасында «Ахмет оқулары» байқауы ұйымдастырылды.

Қостанай қаласы білім бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аралас форматта ұйымдастырылған байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ұстаздардың кәсіби шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жарқын өмірі мен еңбегін насихаттауды көздеді. Осы мақсаттағы республикалық байқауға Көкшетау, Павлодар қаласының ұстаздарына қатысуға ұсыныс жасалды. Жыл басынан бері ынтымақтастықта Көкшетау, Павлодар қаласының білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасып, іс-шараларға белсенді қатысу жолдары қарастырылғанын айта кеткен жөн.

«Ахмет оқулары» шарасы офлайн форматта өтті. Алаш арысының ғылыми әрі шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған байқауға қаланың әр мектебінен және басқа да аймақтан келген өнерпаздар қатысып, бақ сынады. Соның ішінде Павлодар қаласының №24 жалпы орта мектебінен 3 қатысушыдан өтінім түсті. Іс-шараның алғы сөзі мектеп директоры Жанар Кушановаға берілді. Сахна шымылдырығы өзбек биімен ашылып, қатысушылар мектеп оқушылары мен ұстаздардың орындауындағы ән мен күйді тамашалады. Әрі қарай байқаудың негізгі бөлімі басталып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері төрт аталым бойынша бақ сынасты.

Біріншісі – «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу жəне насихаттау» атты ғылыми-теориялық баяндама, презентация жасап, қорғау номинациясы, екіншісі – «Адамдық диқаншысы қырға шықтым» атты Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын мәнерлеп оқу номинациясы, үшіншісі – «Ұлттың ұлы ұстазы» атты Ахмет атамызға арнау өлеңдерін оқу номинациясы және төртіншісі – «Қазақ руханиятының айнасы» атты Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары бойынша буктрейлер, буклет, қолөнер жасау номинациясында ұстаздар өз өнерлерін көрсетті.

Мазмұнды шараны қорытындылаған қазылар алқасы қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттап, дәріптеуге атсалысқаны үшін алғысын білдірді. Қазылар алқасының шешімімен әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1, 2, 3-орын грамоталармен марапатталып, ал Павлодар қаласынан қатысушы қонақтар – №24 жалпы орта мектебінің ұстазы Д.Тәңірберген мен Т.Онянов 3-орынды иеленді. Сондай-ақ байқауға қатысушылардың бәріне ұйымдастырушылардың атынан сертификаттар табысталды.

Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында ұйымдастырған «Тіл және Ахмет» күндері өз мәресіне жетті. Тіл мамандары «Ахмет оқулары» байқауын жыл сайын өткізіп отыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Алғаш рет бұндай форматта ұйымдастырылған «Ахмет оқулары» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз! Қаламыздың білім беру ұйымдарында Ахмет атамызды ұлықтау іс-шаралары мазмұнды жалғасын таба бермек.

Умуткуль СЕРДЕНБАЕВА,
№29 ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.