Алматы облысының Қаскелең қаласында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауында Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрбол Абдигалиев жеңімпаз атанды.
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қаңтардың 8-9 күндері өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам педагог қатысып, тың идеялары мен шығармашылық ізденістерін ортаға салды. Қалалық, аудандық және облыстық кезеңдерден сүрінбей өткен педагогтер ғана республикалық байқауға жолдама алды. Қостанай облысынан әр секция бойынша 10 педагог қатысып, олардың 8-і жүлделі орындарға ие болғанын ерекше айта кеткен жөн. Соның ішінде Нұрбол Өмірзақұлы өз секциясында жеңімпаз атанып, өңір абыройын асқақтатты.
Педагог ұсынған жоба «Асық – балалық шақ пен болашақтың көпірі: ұлттық құндылықтардың интеграциясы» деген атауға ие. Бұл идеяның басты мақсаты – ұлттық асық ойынын білім беру үдерісіне кіріктіру арқылы оқушылардың функционалдық, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Осы аталған жоба аясында асық ойыны бірнеше пәнмен байланыстырыла отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарға құрметін қалыптастыруды көздейді. Идеяны қорғау барысында нақты мәселелер айқындалып, оларды шешу жолдары жан-жақты ұсынылды. Жоба нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктер мен оң өзгерістер нақты деректермен дәлелденді.
Сөз орайы келгенде Нұрбол Өмірзақұлы байқауға дайындық барысында көрсетілген қолдауы мен сенімі үшін Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының ұжымына және мектеп директоры Ержанова Ырсалды Сейілханқызына ерекше алғысын білдірді. Бұл жеңіс – жеке ұстаздың ғана жетістігі емес, Қостанай облысы педагогтерінің кәсіби әлеуетін көрсеткен ортақ табыс болса керек. Өңір атынан шығып, республикалық деңгейде үздік атану – үлкен жауапкершілік пен зор еңбектің жемісі. Алдағы уақытта аталмыш жоба өзге де білім беру ұйымдарына таратылып, тәжірибе алмасу алаңында кеңінен қолданылмақ.
Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.