Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңірумен қатар ұлттық кодымызды сақтауды міндеттеді. Осы мақсатта №2 Аманқарағай ОМ аудандық басқосу өтті.

Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері біріктіреді. Осы рухани құндылықтарымыз берік болып, ата-бабамыздың мыңдаған жылдар бойы ұстанып келген әдет-ғұрпына құрмет танытар болсақ, жас ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпесі анық. «Ұлттық құндылық – тәрбие көзі» тақырыбындағы жиын мектептің акт залынан бастау алды. Әуезді әндерін шырқап, мың бұралған биімен тамсандарған оқушыларымызға мектеп қонақтары да ризашылығын білдірді.

Мерекелік шараның келесі маңызды бөлігі шараның тақырыбымен аттас коучинг жұмысымен жалғасын тапты. Онда мектеп қонақтары төрт топқа бөлініп, халқымыздыың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын ұлықтайтын шараларға белсене қатысып, білген ақпараттарымен бөлісті. Ортаға шыққан шара қатысушылары нақыл сөз, өлең-жырларымен кестелеп, әрбір әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге тереңнен тоқталды. Артынша барша қауым алдында импровизациялау қойылымдарымен таң қалдырып, өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік шараның келесі кезеңінде қонақтарымыз қазақы нақышта жайылған дастархан басына жайғасып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің ақ таңы атқан шақта жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп, жеткізе білсе – рухани жаңғыру тұрғысында кемелдене түсеріміз анық.
Гүлжан УТЕСОВА,
Нұргүл МОЛДАБЕКОВА,
№2 Аманқарағай ОМ
педагогтері,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.