Қостанай ауданының білім бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес, ауданның барлық білім беру мекемелерін аптаның әр жұмасында қазақтың ұлттық киімі күнін өткізу туралы бастаманы таратқан еді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасынның жүзеге асуы – рухани мұрамызды түгендеп, жаңғыртып, озығын саралаудың бірден бір жолы. Аудандық білім бөлімі патриотизм идеясы жақын және халық тарихын қымбат көретін барлық білім ордаларын бұл күні күнделікті киім ретінде ұлттық киімді, оның жекелеген детальдарын немесе этноаксессуарларын қолдануға шақырды. Аталған игі бастаманы Қостанай ауданына қарасты Мичурин жалпы білім беретін мектебінің ұжымы қуана қабылдады.
Ұлттық киімді ұлықтайтын мұндай күнде мектеп басшысынан бастап, барлық мұғалімдер мен оқушылар қазақтың ұлттық киімін киіп, ұлттық нақыштағы әшекейлерді тақты. Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелейтін бұл күні мектеп әкімшілігі арнайы бейнеролик түсіріп, келесі апталарға ұлттық киімді насихаттайтын іс-шаралар кешенін дайындады. Алдағы уақытта Ұлттық киімдер күні дәстүрлі түрде акциялар, байқаулар және басқа да игі шаралар аясында жалғасын таппақ.

Рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы мәңгілік ел болудың негізгі өзегі. Сондықтан, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық асханамыз бен тағамдарымызды жүйелі жаңғырту басты парызымыз. Әсіресе, ақпарат пен сан түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану заманында ұлттық код пен рухты бекем ұстайтын салт-дәстүр мен әдет-ғұрып.
Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа, ұлттық ас мәзіріне бай халық және әрбір ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні мен маңызы терең. Ұлтымыздың салт-дәстүрлері ұрпақты ілім мен білімге, елжандылыққа, ізгілікке, бауырмалдық пен өнегеге шақыруымен құнды. Сондықтан, арнайы жоба аясында қазақ халқының дәстүрлері мен ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, ұмыт болғанын жаңғыртып, заман көшіне сай ұлықтап, өскелең ұрпақты сол арқылы тәрбиелеу жолға қойылу керек. Бұл тұста ұлттық киімдердің құндылығын арттырудың да өзектілігі жоғары.
Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ
Мичурин ЖББМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.