Қала мектептері арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ең үздік жаңа жылдық аула» байқауында биыл №28 мектеп-гимназиясы жүлделі III орынды иеленді. Бұл жетістік – бірлесе атқарылған жүйелі еңбек пен ұжымдық ынтымақтастықтың нәтижесі.
Аталған байқауға дайындық мектепте қараша айынан басталған. Байқау ережесі бекітілген сәттен мектеп ұжымы, оқушылар және былтыр құрылған Әкелер кеңесі бірлесіп, аула дизайнын жоспарлап, арнайы жоба әзірлеген. Мектептің директоры Жансая Исмайлованың айтуынша, бұл жолы дайын безендіру заттарын сатып алудан гөрі, балалардың шығармашылығын дамытуға басымдық берілген.
– Мектеп қызметкерлері мен оқушылар көркем еңбек сабақтарында және сабақтан тыс уақытта ағаштан түрлі бұйымдар жасады. Шырша, мүсіндер, келіп жеткен жаңа жылдың символы – жылқы мүсінінің барлығы дерлік өз қолдарымен дайындалды, – дейді Жансая Бахытбековна.
№28 мектеп-гимназиясы азаматтық-патриоттық бағыттағы мектеп болғандықтан, жаңа жылдық безендіруде ұлттық нақыш айқын көрініс тапқан. Әкелер кеңесінің бастамасымен киіз үй тігіліп, оның іші-сырты жеті қазына тақырыбында безендірілген. Ұлттық құндылықтар мен жаңа жыл мерекесін біріктіре отырып жасалған бұл шағын алаң оқушылар үшін танымдық әрі тәрбиелік мәнге ие болды.
Әкелер кеңесінің үлесі ерекше. Олар жарықтандыру, электр желісін өткізу, киіз үйді алып келу мен құрастыру, эскиз сызу сияқты жұмыстарды өзара келісіп, ұйымшылдықпен атқара білген. Өз кезегінде ата-аналардың белсенділігі балаларға да үлкен мотивация сыйлады. Бұл безендірулер тек әдемілік үшін ғана емес, балалар мектеп ауласына кірген сәттен бастап ұлттық құндылықтарымызды көріп, сезінуі үшін жасалғанын айтады білім ордасының басшысы.
Байқау қорытындысы бойынша III орынды иеленген ұжым аталмыш нәтижені үлкен қуанышпен қабылдады. Себебі сөзсіз түсінікті: бұл – мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың ортақ еңбегінің бағалануы. Ендігі кезекте мектеп басшылығы алдағы мақсаттарды айқындап отыр. Бұған дейін дәстүрлі байқауда №28 мектеп-гимназиясы II орынға ие болған, келер жылы Гран-при алуды көздеп отыр. «Әрқашан биік мақсат қою керек. Биылғы кемшіліктерімізді ескеріп, келесі жылы бұдан да ауқымды жоба ұсынамыз», – дейді Жансая Исмайлова.
Мұндай байқаулардың маңызы зор. Олар оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты да нығайтады. Бір мақсат жолында жұмылған ұжым мен ата-аналар алдағы жылы бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге бел буып отыр.
Гүлназ ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
4-курс студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.