Ұлттық ойын – тәрбие бастауы

Выпуск - №47(644)   :   29.11.2024
1016

image

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – білім беру жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі. Оны жүзеге асырудың тиімді жолы – сабақта ұлттық ойындарды қолдану, бұл оқушылардың қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытып, танымдық қабілеттерін шыңдайды.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеудің және халқымыздың салт-дәстүрін танытудың ерекше құралы болып табылады. Ұлттық ойындар тек дене шынықтыру құралы ғана емес, балаларды шапшаңдық пен ептілікке және де ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Әрбір ұлттық ойында белгілі бір ереже мен тәртіп бар, сондықтан олар балалардың зейінін шоғырландырып, ойлау қабілетін дамытады. Мысалы, «Асық ату», «Арқан тартыс», «Көкпар» сияқты ойындар балалардың бойында шыдамдылық пен жігерді қалыптастырады. Бұл қасиеттер оқушылардың болашақ өмірінде маңызды рөл атқарады.
Өз сабақтарымда ұлттық ойындарды қолдану арқылы балалардың қызығушылығын оятуға және олардың оқу процесіне белсенді араласуын қамтамасыз етуге тырысамын. Мысалы, математика сабағында «Асық ату» ойынын пайдаландым. Оқушыларды асық арқылы есеп шығаруға баулып, олардың есептеу дағдыларын жетілдірдім. Бұл әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуға ынталандырды. Сонымен қатар, «Тоғызқұмалақ» ойынын логика сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыттым. Ойын барысында олар сандық есептеулер жасап, стратегия құруды меңгерді. Оқушылардың назарын ойынға аудару арқылы оқу материалы да жеңіл меңгеріледі әрі сабақ та қызықты өтеді.
Ұлттық ойындарды сабақта пайдалану – білім беру процесін жандандырудың және балаларды ұлттық құндылықтарға баулудың тиімді тәсілі. Мұндай әдістер арқылы оқушылар халқымыздың мәдениетін танып қана қоймай, білімге деген қызығушылығын арттырады. Ұлттық ойындарды оқу бағдарламасына енгізу – болашақ ұрпақты тәрбиелеудің маңызды қадамы.

Саяжан ҚАПСАЛЫҚОВА,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.