«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында Мичурин жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ұлттық ойындарымыз – тоғызқұмалақ пен асық атудан жарысқа қатысты.
.jpg)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай төл ойынды насихаттауға Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. Күні бүгінге дейін Мичурин мектебінде саламатты өмір салтын және ұлттық салт-дәстүрді ұстану мақсатында ұлттық ойындар насихатталып келеді. Дәстүрлі шара биыл да жалғасын тауып, достық қарым-қатынасты нығайту мен білім алушы жастардың спорт шеберлігін шыңдауға бағытталып отыр.
.jpg)
Ал бастысы, аталмыш шара арқылы жасөспірімдер арасында ұлттық ойындарды насихаттау, қолдау, жастар арасында асық ойнауды танымал ету, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану және ептілікке, мергендікке, сергектікке баулу мақсаты көзделді. Баланың ақпарат қабылдау қабілеті ерте жастан қалыптасатындықтан, сайысқа осы жас шамасындағы жасөспірімдер қатысты.
.jpg)
Жарыстың ашылу салтанатында Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Гүлбарам Тюлюбаева сөз сөйлеп, ұлттық ойынның өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде ерекше феномен екенін атап өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жетіп, төрешілердің шешімімен орындар тағайындалып, жеңімпаздар анықталды.
Жастар ресурстық орталығы барша жеңімпаздарға және қатысушыларға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар, ал ұйымдастырушылар мен жарыс жетекшілеріне Алғыс хаттарын табыстады. Алдағы уақытта да ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін осындай іс-шаралар көп болса екен дейміз. Сол арқылы жастарымыз атадан балаға жалғасып келе жатқан мұрамызды біліп өспек.
Айжан ЖАБАЕВА,
Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Мичурин ЖББМ
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары,
Қостанай ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.