Биыл алып күштің иесі, тұңғыш қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойы. Соған орай Половников жалпы білім беретін мектебінде тоғызқұмалақ және дойбы ойынынан жарыс өткізілді.
.jpg)
Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажымұқан бабамыз. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған.
Мерейтойға орай өткен жарыстың ұйымдастыру кезеңіне сай мектептің дене шынықтыру мұғалімі ретінде ең алдымен балуан бабамыздың өмірбаяны және жетістіктерімен тәрбиеленушілерді таныстырып өттім. Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той-томалақтарда елге көрініп, «бала балуан» деген атқа ие болған. Қыпшақ тайпасы Ұзын ішіндегі Алтыбас руынан шыққан.
Ұлы бабамыздың мерейтойына тарту есебінде ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан және дойбыдан өткен жарысқа ортаңғы буын тәрбиеленушілері қатысты. Тартысты және қызықты өткен жарыста ерекше көзге түсіп, жеңімпаз атанған оқушылар мектеп әкімшілігі атынан ұйымдастырылған арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Зульфикар ХУЖАЕВ,
Половников ЖББМ
дене шынықтыру мұғалімі,
Қостанай ауданы
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.