Қостанай ауданының Мичурин жалпы білім беретін мектебінің 1 және 2 «Ә» сынып оқушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы кесенеге экскурсия жасады. Экскурсия барысында балалар білімнің бастауында тұрған тұлғаның ізін сезінді.
Оқушылар үшін бұл сапар – ағартушының мұрасына тереңірек үңіліп, оның еңбегі мен өмір жолына құрмет көрсетудің бір көрінісіндей болды. Экскурсия арқылы шәкірттерді өз өлкесінің тарихи тұлғаларымен таныстырып, еліміздің білім беру жүйесіне елеулі үлес қосқан Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін дәріптеу көзделді. Іс-шара барысында тарих пәнінің мұғалімі Ақбота Ансаганова балаларға ұлт ұстазының өмір жолы, шығармашылық қызметі мен мектеп ашудағы кездескен қиындықтары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, ол кесененің құрылысында қолданылған материалдар мен оның архитектуралық ерекшеліктеріне тоқталды.
Мавзолейге саяхат оқушылардың сана-сезімінде ерекше әсер қалдырды. Балалар Ыбырай Алтынсариннің Отаны – Қостанай өңірінде тұрып жатқандарына мақтаныш сезімін сезініп, ұстаздың рухани мұрасына жақын болу қуанышын бастан кешті. Олардың көз алдына қазақ халқының белгілі ағартушысы, педагогі, этнографы, Торғай облысындағы халық мектептерінің инспекторы және Қостанай қаласында алғашқы орыс-қазақ училищесінің негізін қалаушы тұлға ретінде танылған Ыбырай Алтынсариннің бейнесі жаңаша қырынан ашылды.
Асем КУЗЕМБАЕВА,
Мичурин ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.