Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет-платформаларында ұстаздарға арналған «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.

Қыркүйек бойы NIS-тің әлеуметтік желілердегі барлық ресми парақшалары мен сайттарында басты кейіпкерлерге айналаған мұғалімдердің құрметіне әсерлі де жүрекжарды бейнероликтер жарияланды. Әрбір дана ұстаздың кеше дара шәкірт болғаны аян және олардың бірқатары ең ардақты және мәртебелі мамандыққа деген таңдауларын бала күндерінде жасап үлгерген. Өмірлік ұстанымдармен жазылған фотосуреттер NIS мұғалімдерінің мамандықтары мен таңдаулары үйлесім тапқандығын дәлелдейді.
«Әділетті, шынайы, ашық-жарқын болу, өз мамандығына шын жүрекпен берілу – осының барлығы нағыз ұстаздың даналығын құрайды», – дейді Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің модератор-мұғалімі Ақмарал Ермекбаева. Ақтаудағы NIS-тің модератор-мұғалімі Лизаветта Хамитова, кәсіби жетістік қол жеткізген нәтижелерге тоқтамаудан басталатынына сенімді. Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің модератор-мұғалімі Александр Шерцер егер адам еңбекті сәтті таңдап, оған жанын салса, бақыт ол кісіні өзі-ақ іздеп табатынына сеніммен қарайды.
Алтын ұя мектептерінің көрінісіндегі суреттер: сыныптағы, тақта алдындағы және ең бастысы шәкірттерімен шабыттанған кейіпкерлер – кез келген сөзден дәлелді. Көптеген отбасыларда іздеу жұмыстары үлкен шараға ұласып, нәтижесінде мұрағаттан табылған фотосуреттер көпшілік қауымның зор қызығушылығын туғызды. Ұстаздар ата-аналарымен бірге ескі альбом беттерін парақтап, сүйікті оқиғаларын еске түсірді. Уақыт өте сарғайған, кей тұстары бүліне бастаған ақ-қара суреттер, ұстаздарымызды ағаштар үлкен болып көрінген бақытты балалық шаққа сапар шеккізді.
Ең көп қаралым жоба аясында өткен Директорлар күні жиналды. Аталмыш бастаманың ықпалымен бетпе-бет жүздесуді, шанайы қарым-қатынасты сағынған қашықтан оқытудың қиын сәттерінде мектептің басты тұлғасы – ұстазға жылы сөздеріміз бен көтеріңкі көңіл-күйімізді сыйладық. Жобаның авторлары көпшілік тарапынан дәл осындай сұраныс пен қолдаудың боларын күтпегендігін жасырмайды. Шын мәнінде бүгінгі дана ұстаз – кешегі дара шәкірт. Ал әрбір ұлылықтың жолында ұстаздың ертен еңбегі тұратыны анық.
Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы НЗМ
баспасөз хатшысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.