ҚР Білім және ғылым министрлiгi елімізде «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысының жобасын әзірлеп, республика көлемінде іске асыру тетіктерін қолға алуда.

Қазақстанда дебаттық қозғалысты алғаш рет Сорос-Қазақстан қоры 1996-2004 жылдары «Дебаттар» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы дамыта бастаған-тын. Пікірсайыс алаңдарының жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында қолға аланып отырған «Ұшқыр ой алаңы» жобасы үздік шетел және отандық тәжірибе негізінде құрылған және республикадағы дебаттық қозғалыстың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өскелең ұрпақтың әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуының негізгі міндеттерін шешуге бағдарланған.
Білім алушылардың шешендік сөз өнері дағдыларын, позитивті, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, өзекті мәселелерді көпшілік алдында талқылау мәдениетін, құрылымдық сұхбат пен пікірталасты жүргізу мәдениетін дамыту мақсатында жүзеге асырылатын дебат клубтары облыстың барлық аудандарында ақпан-наурыз айларынан бастап құрылып, өз қызметін жалғастыруда. Амангелді ауданында жалпы білім беретін мектептер бойынша – 17, «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы бойынша 1 дебат клубы құрылып, жұмысын жүргізуде. Қазіргі уақытта клуб құрамына аудан көлемінде 246 оқушы қабылданып отыр.
Дебат клубы жұмысының негізгі нысаны – дебаттық турнирлер ұйымдастыру және өткізу. Турнирлер мектепішілік, аудандық, облыстық және республикалық кезеңде ұйымдастырылып келеді. Жыл ішінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша мектепішілік кезеңде төрт рет, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында аудандық екі дебат турнирі, облыстық кезеңде турнир екі мәрте өтті. Амантоғай жалпы білім беретін мектебіндегі «Ділмар» клубының жетекшісі Алмас Сарбозовтың жетекшілігімен облыстық кезеңге қатысқан оқушылар жүлделі І орынға ие болып, жоғары деңгейден көріне білгенін атап өтуге болады.
Жалпы пікірталас алаңдарының оқушылар үшін берер тәлімі орасан. Себебі ол жастардың шешендік сөйлеу дағдыларын дамытып, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға ықпал етеді. Ұшқыр ой алаңы жас ұрпақтың ұшқыр ой әлемін дамыта берсін деп тілейміз.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» БЖШО
көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.