Үштік одақ: кітап арқылы біріккен әлем

Выпуск - №1(697)   :   12.01.2026
579

Қостанай қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Үштік одақ: кітап арқылы біріккен әлем» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Үштік одақ кітап арқылы біріккен әлем (1)

«Кітап оқитын ел ғана зиялы ұлтқа айналады». Бұл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың III Ұлттық конгресс сессиясында айтқан стратегиялық тұжырымы. Елімізді әдебиет оқу деңгейі ең жоғары елдердің қатарына шығару бағытындағы Мемлекет басшысының бастамасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды. Жоба жалпыұлттық миссия аясында жүзеге асырылып, халықтың әртүрлі топтарын зияткерлік марафонда біріктіруге бағытталған. Осы маңызды бастаманы қолдау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің негізгі идеясы – ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы тығыз байланыс арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқырман ортасын кеңейту.
Дөңгелек үстел жұмысына педагогтер, ата-аналар, оқушылар және жоба аясында белсенді еңбек етіп жүрген тұлғалар қатысты. Кездесу барысында кітаптың адам санасын қалыптастырудағы, ұлттың рухани әлеуетін арттырудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Фронт-кеңсе жетекшісі Заңғар Санай өз сөзінде жобаның стратегиялық бағытына тоқталды.
– Біздің ең басты мақсатымыз – қазақстандықтардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің тұрақты кітап оқу әдетін қалыптастыру. Кітап оқыған ұрпақ – ойлы әрі жауапты ұрпақ, – деп атап айтты.
Ал «Кітап оқитын әулет» жобасының менеджері Абылай Маудан отбасылық оқу мәдениетінің маңызын ерекше атап өтті:
– Кітап оқу отбасынан басталса, ол бала бойына табиғи түрде сіңеді. Әулет болып оқу – рухани сабақтастықтың берік негізі, – деді Абылай Фазылханұлы.
Іс-шара барысында белсенді оқырман Ермағанбетовтар әулетінің мүшелері тәжірибелерімен бөлісіп, кітаптың бала тәрбиесіндегі маңызын айқын көрсетті.
– Бізде кітап оқу – күнделікті әдет. Әр кітап мені жаңа ойға жетелейді, өзіме сенімді болуға үйретеді, – деп бөлісті әулеттің жас өкілі Саяжан Ермағанбетова.
Дөңгелек үстел барысында «Кітап оқитын мектеп» жобасының менеджері Надежда Сражатова сөз сөйлеп, мектептерде оқырман мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды көпшілікке таныстырды. Айтуынша, жобаның мектеп өміріне енуі оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, білім сапасына да оң әсерін тигізуде.

Үштік одақ кітап арқылы біріккен әлем (2)

Білікті басшы Жумабике Мирамованың бастамасымен №32 мектепте жоба жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл күндері ұжымдағы 56 педагог пен 6–10-сыныптардан 176 оқушы жобаға сәтті тіркелген. Мектепте арнайы кітапхана бұрышы жасақталып, оқу сағаттары енгізіліп, «15 минуттық кітап оқу» дәстүрі қалыптасты. Сонымен қатар оқушылар арасында буктрейлер мен комикстер байқаулары ұйымдастырылып, шығармашылықпен оқуға қызығушылық артып келеді.

Үштік одақ кітап арқылы біріккен әлем (3)

Іс-шарада педагогтеріміз Дилара Ахметова мен Қуанышбай Қарсақбай оқыған кітаптарының кәсіби дамуына тигізген әсері туралы ойларымен бөлісті. Ал жобаның белсенді қатысушы, 10-сынып оқушысы Инабат Нағашыбай өз пікірінде: «Кітап оқу маған мақсат қоюды, ойымды нақты жеткізуді үйретті. Бұл – менің жеке дамуымдағы үлкен қадам», – деп атап өтті. Жиын соңында жүргізуші кітаптың адамның ішкі жан дүниесін байытатын рухани қазына екенін айтып, оқудың мәдениет пен сананы қалыптастырудағы маңызына айрықша тоқталды.
Қорытынды сөзінде ұйымдастырушылар «Кітап оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыру жолында атқарылып жатқан жұмыстардың жас ұрпаққа үлкен өнеге екенін айтып, барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс білдірді. Аталған дөңгелек үстел «оқуға құштар мектеп», «оқырман отбасы» және «жас оқырман» ұғымдарын біріктірген мазмұнды әрі тағылымды алаңға айналды.

Нұргүл ИБРАЕВА,
№32 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.