Торғай даласының қазынаға толы қойнауы тұнған шежіре. Бұл жағдай зерттеліп те, жазылып та жүр. Осыған орай, Арқалық қаласында «Торғай өңірінде мекендейтін жануарлар» атты презентация өтті.

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткен презентация барысында өңіріміздің ондаған оқушысы өздерінің ізденіс, зерттеу жұмысын ұсынды. Соның ішінде ізденісі мен шебер тілімен, ғылыми зерттеуімен ерекше көзге түскен оқушы – Абай атамыздың атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Аида Камалова болды. Ғылыми презентацияда Аиданың жұмысы 1-орынды жеңіп алды.
Ол табиғаты бай, жері құнарлы Торғай жерін мекендейтін жануарларды топқа бөле отырып, олардың ерекше қасиеттерін, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсінікті тілмен жеткізе білген. Жануарлардың адамға жесе – тамақ, кисе – киім екенін де дәлелдеп көрсетті. Өзінің жұмысы арқылы достарын табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырды. Ұстазы ретінде, жетелеген шәкіртімнің әлі талай биіктерге шығарына сенімім мол.
Базаркул КАНЕНОВА,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі,
«Жас эколог» үйірмесінің
жетекшісі
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.