Білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздардың ісі әрдайым құрметке лайық. Осы сөзімнің айқын дәлеліндей, бастауыш сынып мұғалімі, педагогика ғ.м. Карымсакова Жаныл Серикбаевна республикалық деңгейдегі дүбірлі байқауда жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Сәуірдің 28-і күні Алматы қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының қорытынды кезеңі өткен еді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік педагогтердің басын қосқан бұл додада Жаныл Серикбаевна мектебіміздің атын республика көлемінде асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Аталған олимпиада мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін ғана емес, заманауи білім беру әдістерін меңгеру деңгейін анықтауды мақсат етеді. Байқау барысында қатысушылар терең пәндік біліммен қатар күрделі тапсырмаларды шешудегі стандартты емес тәсілдерді қолдану, шарттарды логикалық тұрғыдан талдау, жауабын дәлелдеу және командада тиімді жұмыс істеу дағдыларын сынға салды.
Сын сағатта дараланған әріптесіміз өз ісіне адал, зор жауапкершілік иесі. Ол оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында инновациялық әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде тиімді пайдаланып, әр сәтті мазмұнды және қызықты ұйымдастыра білетін шебер ұстаз. Бұл жетістік Жаныл Серикбаевнаның ғана емес, білім ордасының да мерейін үстем етті. Осындай білікті де зиялы ұстаздарымыз жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Гулмайра СУИНБЕКОВА,
Науырзым жалпы білім
беретін мектебінің директоры
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.