Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Ұстаздар да бақ сынады жарыста

Выпуск - №38(486)   :   30.09.2021
326

Тобыл қаласында «Спорт жұлдыздары» журналының редакторы Мұсағали Тасқалиевтың ұйымдастыруымен президенттік көпсайыс, тоғызқұмалақ, дойбы, стол теннисі, гір спортынан мұғалімдер арасында республикалық спартакиада өтті.

Жарысқа мұғалімдер 18-20, 21-23, 24-34, 35-39, 40-49, 50-59, +60 жас ерекшеліктері бойынша іріктеліп, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Степногорск, Рудный қалаларынан және Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарынан қатысты. Әсіресе президенттік көпсайыс өте тартысты өтті деуге болады. Нәтижесіне тоқталар болсақ, Рудный қаласының №13 мектебінен келген Ренат Каримов 24-34 жас аралығындағы сайыста І орын алды.
Денисов ауданынан келген Александр Купаров сайыстың екі түрінен қатысып, 50-59 жас аралығында көпсайыстан және стол теннисінен ІІІ орынға ие болды. Әулиекөл ауданына қарасты Құшмұрын орта мектебінен келген Эльвира Ыбышева президенттік көпсайыста І орынға ие болса, Сарыкөл ауданына қарасты Барвинов орта мектебінен келген Нұрлан Тайжанов 75 кг салмақта гір спортынан ІІ орынға ие болды. Ал Ново-Урицк орта мектебінің атынан қатысқан Бейбіт Валиев үстел теннисінен ІІ орынды қанжығасына байлады.
Жарыс жеңімпаздары медаль, грамоталармен және «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» төс белгісімен марапатталады. Жарыстың +60 жас ерекшелігі бойынша бақ сынаған ең үлкен қатысушысы – Қарағанды қаласынан келген Ғазиз Байғабеков президенттік көпсайыста І орынға ие болды. Ақтөбе қаласынан келген жарыс төрешілері Болатбек Сағымбаев, Еркін Бақтияров және Арқалық қаласынан келген Ораз Даркенов сайыстың әділ әрі тартысты өтуіне ат салысты.


Рашит МҰХАНБЕТЖАНОВ,
Н.Наушабаев атындағы МГ
дене шынықтыру мұғалімі,
Тобыл қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.