Жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мұғалімдер сабақтар өткізді, ал мектеп мұғалімдеріне кәсіби кері байланыс берілді. Білім беру сапасын арттыру және оқушылардың білім жетістігін жақсарту жолында педагогтермен кездесу ұйымдастырылып, заманауи оқыту әдістерін енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Қостанай ауданы білім бөлімінің әдіскер-менторы Шынар Жаманова мектеппен өзара іс-әрекетінің сапалы болуына септігін тигізіп, әдістемелік көмек көрсетуде. Мектептегі тәжірибе алмасу сағатында Қостанай қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Гульшат Калимарданова 4 «А» сыныбында «Бір бағыттағы қалып қою қозғалысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушылармен кері байланыс жүргізіп, сабақты жоғары деңгейде жүргізді.
Қостанай ауданындағы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қаламқас Құлахметова 9 «А» сыныбында «Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың тиімділігі – сыныптағы барлық оқушының сабақта белсенді жұмыс істеуі. Ұстаздың сабағында оқушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББ мектептен педагог-зерттеуші Гульсим Ермагамбетова 4 «А» сыныбында қазақ тілінен «Ілік септік» атты сабағын өткізді. Онда барлық тапсырмалар оқу мақсаттарына сай құрылды. Тыңдалым және айтылым дағдысымен жұмыста «Сұрақ-жауап» әдісі қолданылды. Оқушылардың тыңдалым мәтінін түсінуін бақылауға және сөйлеу тілдерін дамытуға бұл әдістің тиімді екеніне сабаққа қатысқан мұғалімдер көз жеткізді.
Қостанай ауданына қарасты Тобыл қаласындағы мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Зульфия Аубакирова 9 «Б» сыныбында «Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері» тақырыбындағы сабағын өткізді. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі мен белсенділігі жоғары деңгейде екендігі айрықша атап өтуге тұрарлық. Қостанай ауданындағы Айсары жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Раушан Туленова 8 «Б» сыныбында «Адам қаңқасының құрылымы. Тірек-қимыл жүйесінің рөлі мен функциялары» тақырыбы аясында «қонақ сабағын» өткізді. Педагогтің сабақтағы әңгімелеу мен сұхбаттасу барысында суреттемелерді, сызбаларды, жүйелеуші және жинақтаушы кестелерді пайдалануы – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, негізгі материалды игеруге жағдай жасады.
Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Айжан Баймолдина 9 «А» сыныбында «Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оның мақсаты нақты әрі қолжетімді болды. «Әдістемелік десант» күнінің соңында педагогикалық тәжірибені жетілдіре отырып, кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Элла Шенфельд «Табыс критерийлері. Бағалау» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалардың оқушылардың өмірлік дағдылары мен мотивациясын қалыптастыруға қалай әсер ететінін көрсетті.
Кез келген сабақ мақсатына жету үшін, әдіс-тәсілдерді саралап қолдану қажет екендігін әріптестеріміз тәжірибе арқылы көрсете білді. Ал, тиімді таңдалған әдіс-тәсілдер оқушылардың білім алу дағдыларын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатындығына тағы бір көз жеткіздік. Озерный негізгі орта мектебінде өткен бұл жұмыс тәжірибе алмасуға және кәсіби шеберлікті арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Мектеп ұжымы және оқушылардың атынан сабақ берген ұстаздарға, облыстық білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ басшысының орынбасары Гульнара Маратовнаға алғыс білдіреміз.
Жұмабике НУРСЕИТОВА,
Озерный негізгі орта мектебінің директоры,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.