«Ұстаздық – ұлы іс», – деп кемеңгер жазушы М.Әуезов айтқандай, оған лайық болу – үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты қызметте адал болу – абыройлы іс.

«Оқушының жетістігі – мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында» демекші, жаңашылдықты жатсынбай қызметінде пайдаланып, өнімді нәтижеге жетіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Жақында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Нурфайлов Еркебұлан Бақытұлы Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, ал қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рахымжанова Жұлдызай Мұхтарқызы Қостанай ауданының өскелең ұрпағын оқыту және тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін мадақтау қағазымен марапатталды.
Жұлдызай Мұхтарқызы – педагогикалық қызметте жиырма екі жыл еңбек өтілі бар, білікті де тәжірибелі ұстаз. Оқушылары білім көкжиегінде биіктерден көрініп, аудан, облыс, республикалық байқауларға қатысып келеді. Ал Еркебұлан Бақытұлының тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келе жатқанына алты жыл болса да, көптеген оқушылары білім шыңдарынан көрініп жүрген білікті маман. Екеуі де еңбегімен құрметке бөленіп жүрген педагогтер.
Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», – деген еді. Бұл сөзінен шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелейтін ұстаздардың жауапкершілігі жоғары екенін аңғаруға болады. Біз де өз тарапымыздан әріптестерімізді құттықтаймыз. Алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз.
Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ОМ математика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.